Атырау, 27 желтоқсан 16:38
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Германия мұсылман елдерінде дипломатиялық елшіліктерді жабуда

1 937 просмотра
 
Германияның сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда, Пәкістан мен бірқатар солтүстікафрикандық елдерде дипломатиялық елшіліктерді уақытша жабуға шешім қабылдады.

Бұл туралы ведомство өкілдеріне сілтеме жасай отырып Spiegel хабарлады. Мұндай шешім АҚШ-дағы Египет, Тунис, Ливия және Йемен елшіліктері мен консул ғимараттарына жасалған шабуылдардан кейін қабылданды.  

Ведомство басшысы Гидо Вестервелле соңғы қайғылы оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді, жергілікті билікті араб елдерінде неміс дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Министр атап өткендей, «Мұсылмандардың пәктігі» атты атышулы фильмнің шығуы діни адамдардың сезімін қорлау, зорлық-зомбылық көрсетудің амалы емес.

Немістің билік өкілдері дәстүрлі жұма намазынан кейін наразылық акциясы болады деп секем алып, жұма күні елшілікті жабуға ұйғарды. Ауғанстандағы қарулы күштердің жасағы қызметтерін күшейтті. Кейбір елдерде Берлин елшіліктерді ұзақ уақытқа жабуы мүмкін деген болжам бар. 

Бұған дейін Мемлекеттік департамент АҚШ-тағы Армения мен Бурунди, Кувейт пен Судан, Тунис пен Замбия және Египеттің елшіліктерін ықтимал антиамерикандық наразылық акциялары жөнінде ескерткен болатын. Дегенмен ашуға булыққан мұсылмандар АҚШ-тың Йемендегі, Египет пен Ливиядағы елшіліктеріне шабуыл жасады. БҰҰ мен АҚШ-тың президенті Барак Обама ресми түрде Бенгазиде американдық дипломаттарға көрсетілген қоқан-лоққы әрекеттерін айыптады.

inform.kz

14 қыркүйек 2012, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.