Атырау, 18 желтоқсан 23:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қазақстандық бес бай түгел жоғарылай түсті», «Үкімет отырысы: "Нұрлы жол" қалай жүріп жатыр? АҚШ-қа қашан ұшамыз?», «Путин Ресейдің зымыран келісіміне қатысуын тоқтатты», «Гаухар Нұртас — The World’s Best-тегі жалғыз қазақ эксперті».

3 116 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстандық бес бай түгел жоғарылай түсті» - Forbes журналы жыл сайын жариялайтын дүние жүзіндегі дәулетті адамдар тізіміне жаңадан қосылған байлардың басым көпшілігі - технология мен өнеркәсіп саласынан. Қазақстандық ең бай бес адамның ішінде Владимир Ким алда тұр. 

«Путин Ресейдің зымыран келісіміне қатысуын тоқтатты» - Ресей президенті Владимир Путин кезінде СССР мен АҚШ бекіткен ядролық қаруды бақылау келісіміне Ресейдің қатысуын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Кремль 4 наурызда күшіне енген шешім ақпанның басында келісімнен шығу процесін бастағанын жариялаған АҚШ-қа жауап ретінде қабылданғанын мәлімдеді.

«"Балаларыңды ойла! Тыныш жүр!" Қызылордалық ана қысым көргенін айтады» -  Қызылорда тұрғыны биліктен әлеуметтік жәрдемді күшейтуді талап еткен аналар наразылығына қатысқаннан кейін өзіне қысым жасалып, "полиция ұрып-соққанын" айтады. Билік мұны жоққа шығарады.

QAMSHY.KZ. «Қиын заман алда... Ресей экономикасы құзға құласа, біз қайтпекпіз?» - Қазір халықаралық рейтингті бағалау агенттіктері алдағы үш жылда бірқатар елдердің экономикалық жағдайы ауырлай түсетінін ашып айтып отыр. Олардың тарапында көрші Ресей елі көш бастап тұр. Мысалы, Standard & Poor's және Moody's тәрізді экономикалық рейтингті бағалау агенттіктері жуырда Ресей экономикасыз әлдеқашан «ВВВ-»деңгейіне дейін төмендеп «қоқысқа малтықты» деп мәлім еткен болатын.

«Гаухар Нұртас — The World’s Best-тегі жалғыз қазақ эксперті» - "The World’s Best" атты америкалық шоудағы Қазақстанның атынан тағайындалған сарапшы маман және әділ қазы алқасының мүшесі Гаухар Нұртас сайыс туралы пікірімен бөлісті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

INFORMBURO.KZ. «Үкімет отырысы: "Нұрлы жол" қалай жүріп жатыр? АҚШ-қа қашан ұшамыз?» - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр үкіметте "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды қазақша таныстырды.

ABAI.KZ. «Лукашенко: "Ортақ валюта рубль болады» - Жақында Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресеймен арада ортақ валюта енгізуді және ортақ эмиссиялық (құнды қағаздар) орталық құруды қолдайтынын мәлім етті.

DALANEWS.KZ.  «Оралмандар екіге бөлінді – бірі “қытайдың шпионы”, екіншісі “биліктің құйыршығы”» - Кезінде «Қазақ әдебиеті» газетін Шығыстың кербұғысы атанған Оралхан Бөкев басқарып тұрғанда белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділов екеуі сөзге келіп қалыпты. Сол кезде ашуға булыққан марқұм Оралхан ағамыз Қабдеш Жұмаділовке «Сен қытайдың шпионысың» деген ғой. Мұндайға Қабдеш ағамыз қалай шыдасын, «Сен орыстың шпионысың» деп бір-бірін сөзбен сойып салған ғой. 


6 наурыз 2019, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.