Атырау, 11 желтоқсан 11:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Cыныптасын өлтірген жасөспірім 12 жылға сотталды

3 194 просмотра

Фото дереккөзі: marketgid.kzБүгін Шымкент сотында ОҚО-ның Қазығұрт ауданының Қызылқия ауылының 17 жасар тұрғынына қатысты қозғалған сот ісі аяқталды. 11- сынып оқушысы өз сыныптасына оқ атыпты.

1tv.kz сайтының тілшісі хабарлағандай, тергеу тобы жасөспірімнің сабаққа қаруланған күйде барып жүргенін анықтады. Жас бала қаруды туыстарының бірінен ұрлап алады да, сыныптастарын пышақпен қорқытады екен. Ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соттың судьясы Мырзахан Исаев мәлімдегендей, сотталушы өз сыныптастарының бірімен кикілжіңге келіп қалады. Сөйтіп, кезекті кикілжің қайғылы жағдаймен аяқталды. Жасөспірім оқты қарсыласына емес, жасөспірімдердің біріне атады. Жас бала оқиға орнында көз жұмды.Сотталушының кінәсі толықтай дәлелденді. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын балалар колониясында өтейтін болады.

Айта кетейік, үкімге қоса сот төрағасы мектеп әкімшілігі мен аудан полицейлеріне қатысты екі жеке қаулы қабылдады.

1tv.kz

14 қыркүйек 2012, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.