Атырау, 27 желтоқсан 16:00
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Серік САПАРҒАЛИ: "Біз ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болдық"

2 978 просмотра

Фото дереккөзі: today.kzАқтаудағы үшеудің сотында айыпталаушылардың бірі "жалғызсырап" қалды. Екі күдікті өз кінәларын толық мойындап, "ұйымдасқан қылмыстық топқа ұйытқы болған адамды" нұсқады.
Жаңаөзендегі оқиғалар бойынша айыпталушы Серік Сапарғали бүгін «Біз Козловпен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болдық» деп мәлімдеді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
«Біз Козловпен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болып табыламыз. Мен сотқа басқа бағыттағы саясаткер екенімді тағы бір рет айтқым келеді. Мен Тәуелсіздік декларациясы мен Заң жағында тұрмын...
Жаңаөзенге бару кезінде мен мұнайшыларға шынымен де көмектесуге тырыстым. Онда менің сөздерім теріс қабылданатынын түсіне қоймадым. Өкінішке қарай, қарашаның аяғында ғана олардың талаптары заңдық алаңның сыртына шыққанын сезіндім. Менің сөздерім мен әрекеттерім кері әсер етіп, Жаңаөзендегі желтоқсан оқиғасына  соқтырғанына қатты өкініп, кінәмді мойындаймын» - деді айыпталушы Сапарғали.
Сөзінің соңында сотталушы С.Сапарғали соттан оның сөздерін үкім шығарарда қаперге алуды сұрады.
Ақтаудағы сотта күдіктілердің Козловпен арасын алғашқы болып, кеше Ақжанат Әминов "алшақтатты".  Ол сот процесінде түсініктер берген кезде "Жаңаөзенде ереуілдеген мұнайшыларды  Козлов пен Атабаев "беріспеуге" үндеді" деп мәлімдеді.    
А.Әминов «Ереуілшілермен кездесуге келген Козлов пен Атабаев олардың талаптарының дұрыс екенін және олар соңына дейін тұрулары тиіс екенін түсіндірді» - деген.
Осы арқылы Козлов пен Атабаев тұрғындар арасында бедел жинамақшы болған - деп жазады айыпкердің сөзіне сілтеме жасаған ақпарат агенттігі.
Владимир Козлов  өзінің түсініктерінде ереуілшілерді соңына дейін тұруға шақыруға  үгіттегені туралы фактіні жоққа шығарды.
Сәрсенбіде күн бойы түсінік берген Владимир Козлов қорғаушы және айыптаушы тараптардың сұрақтарына жауап беруді аяқтады. Осы уақыт ішінде ол «Алға!» тіркелмеген партиясының қызметі және Жаңаөзен қаласындағы оқиғалар туралы мұқият баяндады.
Еске салайық, «әлеуметтік араздықты қоздырды», «конституциялық құрылымды күштеп құлатуға тырысты», «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айыптар тағылған Владимир Козлов, Серік Сапарғали, Ақжанат Әминовқа қатысты сот процесі 16 тамыздан бері жалғасуда.

ult.kz

14 қыркүйек 2012, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.