Атырау, 22 желтоқсан 0758
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«"Тапсырманы орындай алмағандар" президент маңайында қалды», «Ақпараттық қауіпсіздікті қалай қорғаймыз», «Қытай несиелерін алу керек, бірақ оларды ұрлауға болмайды», «Төбедегіні келтіретін төртеу кім?».

2 367 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Тапсырманы орындай алмағандар" президент маңайында қалды» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сынынан кейін отставкаға кеткен үкімет мүшелерінің көбі жаңа қызметке тағайындалды. Кейбірі бұрынғы орнында қалды, енді бірі қызметте өсті, кейбірі басқа қызметке барды. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда кадр тағайындауда кәсібилік емес, басшыға адалдық ескеріледі.

INFORMBURO.KZ. «Ақпараттық қауіпсіздікті қалай қорғаймыз» - Ақпарат кімнің бақылауында болса, билік те соның қолында деген сөз бекер айтылмаған. Әсіресе, ХХІ ғасырдағы ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған шақта қазіргі заманғы мүдделер теке-тіресі көбіне ашық майданда емес, үгіт-насихат алаңында жүріп жатқанда аталған саладағы тәуекелдер мен әлеуетті елемеу зор қателік.

«"Балалар үйінен бала асырап алғым келеді". Бала асырап алушылар қандай жәрдемақы алады?» - 2018 жылы балалар үйінен 1810 баланы асырап алған. Көбіне балаларды қамқорлыққа алады, кейде патронаттық рәсімделеді. Олардың айырмашылықтары туралы айтамыз.

QAMSHY.KZ. «Төбедегіні келтіретін төртеу кім?» - Қазақта «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген аталы сөз бар. Осы сөзде меңзеген қайсы алтау? Бір ғасырда қатар өмір сүретін Ата, әке, бала аталмыш алтаудың үшеуі, бұлар тату болса отбасы берекелі, құт қонған, Қызыр дарыған салиқалы әулетке айналады. Ендігі үшеуі – жеті туыс, Құда (жегжат), нағашы(жиен) ынтымақты болса ауылдың сыртынан ат үркеді, кие қонған елге айналады.

«Әлемдегі биіктігі 8 мың метрден асатын 14 шыңның ұшар басына шыққан жалғыз қазақты білесіз бе?» - Бұл мұзбалақтың аты-жөні  -  Мақсұт Жұмаев.  1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

ABAI.KZ. «Әлихан һәм тәуелсіздік тағлымы» - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға. Бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Қарқаралы уезінде дүниеге келген арда азамат 71 жасында кеңес қоғамының ең бір қасіретті «халық жауы» деген жалған жаласымен Мәскеу қаласында мерт болды.  

365INFO.KZ «Қытай несиелерін алу керек, бірақ оларды ұрлауға болмайды» - Қытай несиелерін ұрлауды синофобиямен бүркемелеу өте ыңғайлы, дейді экономист Айдан Кәрібжанов. Бірақ антиресейлік санкциялар аясында бұл несиелер Қазақстанға қажет.

«Жаңа кабминге тәжірибелі саясаткерлер қажет - Дархан Калетаев солардың бірі» - Дархан Қалетаев премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Белгілі саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков порталымызға жаңа тағайындау туралы ойын білдірді.

«Қазақтардың жүзге бөлінетіндігі мені таңғалдырды - грузин ғалымы» - Саяси ғылымдар бойынша сарапшы (Тбилиси) Арчил Сихарулидзені Оңтүстік Қазақстан жоғары оқу орындарының бірі дәріскер ретінде шақырған. Ол 365info.kz редакциясына біздің ел туралы өз әсерімен бөлісті.


5 наурыз 2019, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS