Атырау, 27 желтоқсан 16:19
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі 2 жылға сотталды

2 594 просмотра

Сотталғандар орындығында отырған Жалғас Бабаханов. Фото дереккөзі: lada.kzЖаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Маңғыстау облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының судьясы Р.Қабиевтың төрағалығымен Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабахановқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен Жаңаөзен қалалық сотының 2012 жылғы 20-шілдедегі үкімінің күші жойылып, жаңа сот үкімі қабылданды. Сот соталушы Ж.Бабахановты ҚР ҚК 307 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп тауып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасын кесті, ол сот залында қамауға алынды. Мемлекеттік айыптаушылардың апелляциялық наразылығы ішінара қанағаттандырылды.

Еске сала кетейік, 20 шілде күні Жаңаөзен қаласының қалалық сотында Бабаханов шартты мерзімге жазаға тартылып, сот залынан күзетпен босатылған еді.

Тергеу материалына сәйкес, Бабахановқа «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және «Жанашыр» халықты әлеуметтік қорғау қорының қаржысын жымқырды» деген айып тағылып отыр.

BNews.kz

14 қыркүйек 2012, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.