Атырау, 10 желтоқсан 11:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Танымал саяхатшы Атырауда

3 313 просмотра

13 қыркүйек күні Атырауға «Каспийге қарай. Развал көлі – Басқұншақ көлі» экспедициясы келді. Экспедиция құрамында танымал ресейлік саяхатшы, жазушы, суретші әрі дін қызметкері Фёдор КОНЮХОВ (суретте) бар.

Федор әкейдің жасы 61-де. Ол 6 рет бүкіл әлемді кемемен шарлап, Атлант мұхитын 17 рет кесіп өтті. Жер шарының екі полюсінде де болып көрді, сондай-ақ, әлемнің барлық ең биік шыңдарын бағындырған. Өзінің біршама экспедициясы мен тау шыңдарына көбіне-көп жалғыз шыққан. Осы саяхаттарының нәтижесінде көптеген қайталанбас картиналар мен 9 кітап жазылды.

Атырауға келе жатқан сапарында экспедиция Батыс-Қазақстан облысының даласында, Волгоград және Астрахан облыстарында болды. Федор Филиппович Батыс-Қазақстан өңіріне алғаш рет аяқ басуы. Және жол бойында бір емес, бірнеше блокнотты толтырған шығармалар жазып қалдырды. Алдағы уақытта ол Атырауға қайта келеді. Бұл сапар - Астраханнан бастау алатын Каспий теңізінің айналасын түйелермен саяхаттау экспедициясы шеңберінде жүзеге асырылады.

– Сіз жалпы үйде боласыз ба?– деп сұрадық біз Конюховтан.

– Боламын, бірақ, ұзақ отыра алмаймын, – деп жымиды ол.

Эспедиция жетекшісі - Орынбор облысының Соль-Илецк ауданы басшысы Юрий ВДОВКИН. Оның айтуынша, мақсат – Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарының арасында байланысты кеңейту. Ресейлік Развал мен Басқұншақ тұзды көлдерінен бөлек, саяхатшылар Индер ауданындағы тұзды көлдерді көріп қайтпақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 қыркүйек 2012, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.