Атырау, 19 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«М.Махмұтова: “Халық банктерге белшеден қарыз”», «"Ескіше жасақталған жаңа үкімет" және билік транзитінің жақындауы», «Д.Сәтпаев: Ортақ валюта үшін Кремль Қазақстанға да қысым көрсетеді», «Әлеуметтік желілердің бұғатталуы».

2 483 просмотра

DALANEWS.KZ.  «Меруерт Махмұтова: “Халық банктерге белшеден қарыз”» - «Үкімет екі жарым жыл отырды да кетті. Екі жарым жылда не өзгертіп үлгересің? Екі жарым жыл ештеңе емес, біздің елде отыз жыл бойы шешілмей жатқан мәселелер мың сан». Экономист Меруерт Махмұтова солай дейді. Сарапшының Қазақстандағы қазіргі ахуалға қатысты ой-пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

AZATTYQ.ORG. «"Ескіше жасақталған жаңа үкімет" және билік транзитінің жақындауы» - Батыс баспасөзі осы аптада "Қазақстан билігі ауысатын күн алыс емес" деп жазса, ел ішінде бұл тақырыпты "қозғамауға" шақырады. Жаңа үкіметтің жасақталуын сөз еткен ақпарат құралдары қазақстандық жаңа премьер-министр Асқар Маминнің бір кездері Астана түнгі клубтарының біріндегі би алаңында қазір ҰҚК-ны басқаратын Кәрім Мәсімовпен бірге көзге түскені туралы WikiLeaks жариялаған мақаланы еске салды.

«Бедеулік жеке отбасының мәселесі ме?» - Қазақстанда табиғи жолмен бала сүю мүмкіндігі жоқ 20 мыңнан астам ерлі-зайыпты тіркеуде тұр. Жасанды жолмен ұрықтандыруға бір адамға миллион теңгеге жуық қаражат кетеді. Мамандар бұл санаттағы мұқтаж адамдарға мемлекет деңгейінде көмек қажеттігін айтады.

«Тәжік ауылында әйелдерге жұмыс табу қиын» - Орталық Азияның кедей мемлекеті Тәжікстанда жұмыс табу өте қиын. Әсіресе ауылды жерде бірнеше баласымен тұрып жатқан, басқа жаққа кетуге мүмкіндігі жоқ әйелдер жоқшылық зардабын тартып отыр.

«Дональд Трамп: NASA қайта "алға шықты"» - Америкалық SpaceX компаниясы наурыздың 2-сі күні АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран тасығышын сәтті ұшырды. Зымыран ғарышқа Crew Dragon кемесін шығарды. Жексенбі күні кеме Халықаралық ғарыш станциясына жақындап, түйісу процесін бастады. Болашақта ол америка ғарышкерлерін ғарыш станциясына жеткізіп, ресейлік "Союз" зымыранын алмастыруы тиіс.

«Әлеуметтік желілердің бұғатталуы. Байланыс операторы Астанаға сілтейді» - "Әлеуметтік желілердің бұғатталуы" туралы тұтынушының сұрағына жауап берген Қазақстандағы ұялы байланыс операторы "бұғаттау" себебін елде тыйым салынған саяси қозғалыстың "белсенді әрекетімен" байланыстырған. Компания министрліктің осыған байланысты берген жауабына сүйенеді. Ал елдегі ақпарат және коммуникацияға жауапты ведомство басшысы бұған дейін министрліктің интернет-шектеулерге қатысы жоғын бірнеше рет айтқан.

 ABAI.KZ. «Алманың Отаны бола тұра нарықты алмамен қамтамасыз ете алмай отырмыз» -  Алматы дегенде ең алдымен аузымызға «Алматы апорты» елестейді. Алайда, алманың Отаны болғанымызбен әлі күнге дейін нарықты алмамен қамтамасыз ете алмай отырғанымыз көңілге кірбің ұялатады.

QAMSHY.KZ. «Досым Сәтпаев: Ортақ валюта үшін Кремль Қазақстанға да қысым көрсетеді» - Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресеймен бірге бірыңғай ортақ валюта енгізуге қарсы еместігі туралы айтқан мәлімдемесінен кейін Қазақстанның да саясаткерлері мен сарапшылары пікір білдіре бастады.


4 наурыз 2019, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.