Атырау, 27 желтоқсан 17:13
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тірі қалған күдікті не айтар екен?

2 545 просмотра

Кеше Құлсары қаласында терроризмге қатысы бар күдікті топты ұстауға бағытталған арнайы операциядан кейін тірі қалған 20 жастағы жігітті әрі қарай емдеу үшін Атырауға әкелмек.

Жылыой аудандық ауруханасындағы дереккөздер хабарлағандай, кеше, 12 қыркүйекте 11 сағат 20 минутта оларға №1 ықшамаудандағы №22 үйдің пәтерінде болған 1992 жылы туылған, Махамбет ауданының тумасы А. С-в ауыр жарақатпен түскен. Медиктердің айтуынша, оның қарнына жарқыншақ тиіп жараланған және ішкі ағзалары зақымдалған. Оған жедел ота жасалыпты. Бүгін күдікті есін жиған. Таяу уақыттарда ол облыс орталығы - Атырау қаласына күзетпен жеткізілмек.

– Арнайы операция кезінде жапа шеккен басқа адамдар бізге түскен жоқ, - деп хабарлайды ауруханадағылар түрлі қауесеттерді теріске шығарып.

Естеріңізге салсақ, Бас прокуратураның ресми хабарламасы бойынша және оқиға орын алған жерде болғандардың (соның ішінде «АЖ» тілшісінің) растауынша, штурм басталғанға дейін пәтерде бірнеше жарылыс болған, шамасы, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылары болуы керек. Сондықтан терроризмге күдіктелген басқа бесеудің қалай қаза болғандығын арнайы жасақ сарбаздары мен тірі қалған А.С-в ғана нақты айта алады. Сол ықшамаудандағы №36 үйден арнайы жасақ ұстаған екі адамға қатысты әзірге ақпарат жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА,

Құлсары-Атырау

13 қыркүйек 2012, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.