Атырау, 11 желтоқсан 10:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жалған хабарлама таратқан лаңкес қолға түсті

2 808 просмотра

Атырауда «Насиха» сауда үйі мен №17 мектепке жарылғыш қойылды» деген жалған ақпарат таратқан адам қолға түсті.

ҚазТАГ хабарлағандай, «Бүгін «Насиха» сауда үйі мен №17 мектепке жарылғыш қойылған» деп хабарлаған адам ұсталды. Нысандарды тексеру жарылғыш заттың барын растамады», - деді Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Оның айтуынша, жалған лаңкес қаланың 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы жылдың тамыз айында ол жалған ақпараты үшін ұсталып, босаған болатын. «9 тамыз күні осы адам «НефтеСтройСервис» ЖШС-ға бомба қойылды» деген ақпарат таратқан. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы тексеру кезінде жарылғыш затты таппаған», - деді Мұхтарова.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің «Лаңкестік туралы жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол уақытша изоляторға қамалып, аталған іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: 1tv.kz

13 қыркүйек 2012, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.