Атырау, 19 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Министрдің танысы ұтқан тендер жыры», «Қазақ киносы мазаққа айналды. Ақша мен атақ үшін "жер өртейтіндер" көбейді», «Банкирлер орасан зор сыйақы алатын - ағылшын азаматының шындығы», «Шенеуніктер мен әйелдерінің салық декларациясы ашық болады».

2 903 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Министрдің танысы ұтқан тендер жыры» - Қазақстандық шенеуніктің ескі танысы тендер ұтып алған соң зерттеу жұмысын әзірледі. Танымал журналист осы зерттеудің кей тұсы "Википедиядан" көшірілгенін анықтады. Құқық қорғаушылар заңға қосымша шектеулер енгізіледі деп қауіптенеді. Шенеунік пен танысы өздеріне ешкім ескерту жасамағанын айтады.

INFORMBURO.KZ. «Қазақ киносы мазаққа айналды. Ақша мен атақ үшін "жер өртейтіндер" көбейді» - Informburo.kz тілшісі Қазақстандағы киноөндірістің бүгінгі ахуалын зерттеді. "Қазақфильм" киностудиясының жұмысы сын көтере ме деген сауалға жауап іздеп көрді.

365INFO.KZ «Қазақстандықтарды борышкерлік қақпаннан қалай шығаруға болады?» - Статистика бойынша, 2018 жылы тұтынушылық несие бойынша борышкерлер саны 5 млн-нан асқан.Досаевтың теңге бағамын тежемеуге ақылы жетеді — сарапшы» -Экономистер Ұлттық Банктің жаңа төрағасының болашақ әрекеттерін саралады.

«Банкирлер орасан зор сыйақы алатын — Қазақстандағы ағылшын азаматының  шындығы» - Роуэн Кеннеди, қазақстандық British Council директорының орынбасары, Ұлыбритания тумасы. Өз отанында ол жеке секторда, үкіметте, ҮЕҰ мен Британдық Кеңесте жұмыс істеген. Роуэн британ мен қазақ менеджментін салыстырып, Англияға табыс табуға баратындарға кеңестер берді.

«Шенеуніктер мен әйелдерінің салық декларациясы ашық болады» - Сондай-ақ, мемлекеттік кіріс комитетінде елде декларация беруге кімнің «иммунитеті» бар екенін айтты.


 

1 наурыз 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.