Атырау, 27 желтоқсан 16:21
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстан мен Корея Президенттері Балқаш ЖЭС-і құрылысының басталуына қатысты

2 299 просмотра

АСТАНА, 13 қыр-Қазақстан жаңалықтары АА.   ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының Басшысы Ли Мен Бак елордадағы «Медиа орталықта» «Астана-Үлкен кенті» телекөпірі арқылы Балқаш Жылу электр стансысының 1-ші модулінің құрылысын бастауға рұқсат берді.

2011 жылдың тамызында Қазақстан мен Корея арасында үкіметаралық аталған нысанның құрылысына қатысты келісімге қол қойылған болатын. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады. Балқаш ЖЭС-інің құрылысы екі кезеңнен тұрады. 1-ші кезең жобасын (қуаты 660 МВт болатын 2 блок құрылысы) 2014 жылы аяқтау жоспарланса, 2-ші кезең (қуаты 660 МВт болатын тағы 2 блок) - 2016-2017 жылдарға көзделген. Станса жылына 17 млрд. кВт/сағ электр қуатын өндіреді деп жоспарланған.

Жоба құны 4,5 млрд. АҚШ долларын құрайды Бұл ретте шығынның 75 пайызын Kazakhmys-тың қатысуымен оңтүстіккореялық компаниялар консорциумы қаржыландырса, 25 пайызын «Самұрық-Энерго» АҚ қаржыландырады. Қазіргі уақытта «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның иелігінде.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

13 қыркүйек 2012, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.