Атырау, 11 қазан 11:35
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукенов ұсталды

3 832 просмотра

12 қыркүйекте Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаменті (қаржы полициясы) 2008 жылдың қазанынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Болат ДӘУКЕНОВТІ ұстады.

Заңгерлік білімі бар, 1966 жылы туылған Дәукенов мырза Атырауға келгенге дейін негізінен көршілес Ақтөбе облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген, аудан прокуроры және т.б. қызметтерде болған. Оны 3 тәулікке ұстаған болуы керек – бұл  қамауға алуға бұлтартпау шарасын өзгерту туралы сот шешімі қабылданатын уақыт. Бұрынғы шенеунікке Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша айып тағылатыны әзірге белгісіз (экономикалық қылмыспен күдіктеліп отыр деп жорамал жасауға болады), бірақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабына сәйкес, тұлғаларды ұстау бірнеше негіздер болған жағдайда ғана, соның ішінде осы адамның ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандығы туралы анық деректер болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, бейресми дереккөздер редакцияға 12 қыркүйекте облыстық қаржы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІҢ қызметінен босатылғандығы туралы хабарлады. Оны да Б. Дәукенов секілді  жергілікті қаржы полициясы департаментінің дәлізінен жиі көріпті. Шамасы, тергеу жүргізіліп жатқан ірі мөлшердегі бюджет қаржылары мен мемлекеттік мүліктің ұрлануы туралы қылмыстық істер бойынша жауап алу үшін шақыртқан болуы керек.

Естеріңізге салсақ, осы қылмыстық істерді Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс әкімі қызметінен «денсаулығына байланысты» босатылғаннан кейін көп кешікпей астаналық тергеу тобы қозғаған болатын.

«АЖ» редакциясы

13 қыркүйек 2012, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.