Атырау, 18 желтоқсан 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Көп балалы аналар наразылығына биліктің "жауабы" және қоғам реакциясы», «Досаевтың теңге бағамын тежемеуге ақылы жетеді — сарапшы», «Ким мен Трамп кездесуі келісімсіз аяқталды», «Тұрғын үйлерге ақшаны қайдан алуға болады?».

2 706 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Көп балалы аналар наразылығына биліктің "жауабы" және қоғам реакциясы» - Сарапшылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясы съезінде көп балалы аналарды қолдау туралы уәдесін "елдегі аналар наразылығына билік жауабы ретінде" қарастырады. Кейбір саясаттанушылар биліктің кеш реакция танытқанын, билік "жауабының" толымсыздығын атап өтеді.

«Ханойда АҚШ-Солтүстік Корея саммиті өтіп жатыр» - Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

«Ким мен Трамп кездесуі келісімсіз аяқталды» - Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын кездесуі келісімсіз аяқталды. Тараптар Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша келісімге қол жеткізе алмаған. Бірақ "Вашингтон мен Пхеньян арасындағы келіссөздер болашақта жалғасады" деп хабарлады Ақ үй.

CAMONITOR.KZ. «Өмір сүру деңгейі аз қамтылған ҚР азаматтарына берілетін тұрғын үйлерге ақшаны қайдан алуға болады?» - Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу пайдасына мемлекет қандай нәрселерден бас тарта алады? Осы мәселені қайта көтеруге бізді мәжбүр еткен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің жақындағы уәдесі: ол оның ведомствосы «көп балалы отбасылар үшін қосымша жалға берілетін тұрғын үй салумен мақсатты түрде айналысатынын және қазіргі уақытта осы мақсатта қаржыландыруды іздестіріп жатқанын» хабарлады.

INFORMBURO.KZ. «Қазақстандық хирургтер арықтаудың 5 тәсілін ұсынады. Бұл – қандай әдістер және олар қалай жұмыс істейді?» - Informburo.kz семіздікке жасауға кеңес берілетін отаның түрлері туралы толығырақ айтып береді.

TURKYSTAN.KZ. «Мұқтаждықтан несие аларсыз сіз...» - Несие несібені арттырмайды десек те, елімізде банктерден қарыз алатындар көп. Бірінші кредиттік бюроның есебі бойынша, бүгінде тұрғындар банктерге 6 триллион теңгеге жуық қаражат қарыз. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Несие алғандардың арасында жылдар бойы қарызын қайтара алмай жүрген жандар да аз емес. Тіпті, соңғы уақытта олардың қатары мүлдем арта түскен.

«Адамзаттың ауыр мұңы» - Жаһан елдерін алаңдатып отырған мәселелердің бірі – көші-қон. Жуырда ЮНИСЕФ қоры әлемдік миграцияның басты себептерін атады. Он жылға созылған зерттеу қорытындысы сарапшылар назарын аударып, жер-жерде қызу талқыға түсуде.

«Challenge: пайда табу ма, әлде...» - «Челлендж» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «біреуге үндеу тастау, адамды белгілі бір іс-әрекетке шақыру» деген мағынаны береді. Ең алғашқы ауқымды челлендж 2014 жылы  АҚШ-та пайда болды. «Ice Bucket Challenge» (мұз толтырылған шелек суды үстіне құю) атауымен танымал болған челлендждің мақсаты – бүйірлік амиотрофикалық склероз, яғни орталық жүйке жүйесі ауруын зерттейтін қорға (ALS Therapy Development Institute) қаржылық көмек көрсету еді.

ABAI.KZ. «Теледидар халықты, халық теледидаршыларды тәрбиелеуі тиіс» -  «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» (Ы.Алтынсарин) аппараттан бүгінгі озық технологияларға дейінгі жетістік халықты да өркениет биігіне жетелеп келе жатқаны рас. 

QAZAQTIMES.COM. «Brookings Institution: Демократияға төнген қатер» – Ресей мен Қытай» - Ресей мен Қытай ықпалының артуынан Батыс алаңдай бастады. Фото: VOA Америкалық Brookings Institution зерттеу орталығы сейсенбі күні кезекті баяндамасын жариялап, соңғы жылдары Ресей мен Қытайдың өңірлерде және бүкіл әлемде өз ықпалын кеңейтуге, халықаралық пікірді өзіне бұруға бар күшін салып жатқанын айтты.

«Жеңілген террорлық топ қайта күшеюі мүмкін» - "Ислам мемлекеті" террорлық тобы қайта күш алуы мүмкін. Сүриядағы ДАИШ-ке қарсы соғыс аяқталды деуге болады. АҚШ Сүрия жерінен әскерін шығару қамында. Ирак пен Сүрия жеріндегі өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық топтарға қарсы соғыс бес жылға жуық уақытқа созылды. АҚШ, Ресей, Түркия, ЕО, Иран, Сүрия, Ирак секілді негізгі ойыншылармен бірге 79 ел қатысты. Мыңдаған адам қаза тапты, миллиардтаған шығындар болды. 

365INFO.KZ «Досаевтың теңге бағамын тежемеуге ақылы жетеді — сарапшы» -Экономистер Ұлттық Банктің жаңа төрағасының болашақ әрекеттерін саралады.


28 ақпан 2019, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.