AZATTYQ.ORG. «Қазақстанда туған бизнесмен, Мадуро ақшасы және Венесуэладағы жағдай» - Bloomberg агенттігінің жазуынша, Қазақстанда туған бизнесмен Нұрлан Байділда өз қорында Венесуэла президенті Николас Мадуроның "елден ұрлаған қаржысын" сақтаған. Нұрлан Байділда бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ.
«Айсұлтан Назарбаев неге көрінбей кетті?» - Қазақстан президентінің жиені Айсұлтан Назарбаев туралы соңғы кездері мардымды дерек жоқ. Бір жарым жыл бұрын қоғам назарынан алшақтаған жігіт жайлы интернетте анда-санда жылт еткен алыпқашпа сөзден басқа ештеңе айтылмайды. Елдегі ең ықпалды отбасы Айсұлтан жөнінде әңгіме қозғамауға тырысады.
«Ескі мүшелері көп жаңа үкімет өзгеріс әкеле ме?» - Қазақстанда іске кіріскен жаңа министрлер кабинетінде осының алдында тараған үкімет құрамында болғандар көп. Жаңарған басшылар әлеуметтік және білім салаларына жаңа леп әкеледі деп үміттенетіндер де, саяси реформасыз еш өзгеріс болмайды деп санайтындар да бар.
«Діни қызмет туралы жоба неге заңға айналмады?» - Сарапшылардың пікірінше, бір жылдам астам уақыт тұжырымдау мәселесі дауға айналған "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" заң жобасының парламенттен кері қайтуына ішкі және сыртқы факторлар әсер еткен. Соның ішінде Вашингтонның Астанаға ықпал жасауы да мүмкін. Үкімет онымен келіспейді.
QAMSHY.KZ. «Баспасөздегі тіл мәдениеті туралы» - Қазіргі қазақ тілінің дамуына аударма әдебиет, былайша айтқанда, аударма тілі елеулі әсерін тигізіп отыр. Бұл әсердің күші әсіресе мерзімді баспасөзден айқын көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда ана тілімізді таза сақтау, оны байыту жолында баспасөзіміз зор роль атқара алады.
ABAI.KZ. «”Әкесіне” сенген Сағынтаев қызметсіз қала ма?» - Кеше Президенттің төңірегіне топтасқан қыз-жігіттер (жасартып айттық) өзара қызмет алмастырып, кезекті рет рокировкалық жүріс жасады. Президент ұсынған адамдарды Мәжіліс дауға келмей мақұлдап отырып, бас-аяғы 2-3 сағатта ескі кадрлардан құралған жап-жаңа Үкімет жасақталып шыға келді.
«Ұлтымның қиын тағдырын өлеңге сыйғыза алмадым» - Киелі қаламын шындықпен суарып, ұлтының қасіретін көркем шығармаларына арқау еткен заңғар жазушымыз – Қабдеш Жұмаділов бізге берген сұхбатында кітаптарының цензурадан қалай өткенін, кімдер қол ұшын бергенін, кешегі тәркілеу кезінде Абай, Шәкәрім ұрпақтарының соңғы тағдыры қалай болғанын айтып берді.
«Сапарбаев салдармен емес себеппен күрессе екен» - Жаңаөзенде 22-ақпаннан бері жұмыссыздыққа қарсы наразылық өтіп жатыр. Халық мұнай кен орындарында немесе басқа да жерлерге жұмысқа орналасуды талап еткен. Ал, жергілікті билік халықпен жабық залдарда кездесулер жасаған. Алайда, "уәдеге әбден тойдық" деген тұрғындар бейбіт жиындар мен кездесулерді көшеде өткізуге тырысып бағуда.