Атырау, 19 желтоқсан 00:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Президентпен ширек ғасыр жұмыс істеген" Мамин және оның командасы», «Теңгені тығырықтан алып шығу Досаевтың қолынан келе ме?», «Әкімдер корпусын қандай өзгерістер күтіп тұр?», «26 ақпан - 36 адамның өмірі қиылған күн».

2 766 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Президентпен ширек ғасыр жұмыс істеген" Мамин және оның командасы» - Ақпанның 25-і күні Қазақстанда жаңа үкімет тағайындалды. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидаттарды депутаттар еш қарсылықсыз қабылдады. Қазақстан үкіметін енді Асқар Мамин басқарады.

«Әйнек қабырға әкімдікке кіруді оңайлата ма?» - "Әкіммен тікелей сөйлесу мүмкін емес" деп шағынады тұрғындар. Ал билік "Ашық әкімдік", "Сервистік әкімдік" жобалары арқылы әкімдерді "халыққа жақындатқанын" айтады. Саясаткер "жергілікті өзін-өзі басқару іске қосылса, тұрғындарды қабылдауға әкімнің өзі мүдделі болады" деп санайды.

QAMSHY.KZ. «Теңгені тығырықтан алып шығу Досаевтың қолынан келе ме?» - Кешелі бері бірқатар шенділер орынтағымен қоштасып, енді бірі жаңа қызметпен қауышып, тағайындаулар болып жатыр. Соның бірі Қазақстанның Ұлттық банкін төрт  жылға жуық басқарған Данияр Ақышевтің орнына Ерболат Досаев тағайындалды.  Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігін басқарған Досаев мырза алдағы уақытта Ұлттық банктің жұмысы Үкіметпен тығыз байланыста болатынын айтты. «Қаржы саласы экономиканың доноры болғандықтан осы саладағы жұмысты Үкіметпен етене араласып істейміз. Біз ай сайын Үкіметте бас қосып мәселелерді бірігіп шешеміз» - деді Досаев.

«26 ақпан  – 36 адамның өмірі қиылған күн» - Елім деп есіктегі басын төрге сүйреген есіл ерлердің талайының басын жұтқан сталиндік зұлмат «жұмған аузын ашпайтын, қойдан да қоңыр» (Ж. Бектұров) Бейімбет Майлинді де айналып өтпеді.

365INFO.KZ «Ресейліктер Путинді тыңдағысы келмейді» - Владимир Путиннің Федералдық жиналысқа жолдауының рейтингі өте төмен болды: оны мәскеуліктердің 5,9%-ы ғана көрген. Сарапшылар қызығушылықтың төмендеуін билік рейтингінің жалпы құлдырауының салдары деп атайды.

CAMONITOR.KZ. «Жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй: оларға оның қажеті бар ма?» - Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй салу туралы ойлана бастады. Өткен айда мемлекет басшысы мұндай бастамамен шығып, миллионнан аса тұрғындары бар қалаларда жыл сайын мың пәтер салуды тапсырған болатын.

«Егер ертең елімізде барлығы қазақ тілінде сөйлейтін болса…» - Қазақ тілінің проблемасы ұзақ жылдар бойы қазақстандық қоғамдық пікірдің, атап айтқанда, қазақтардың пікірінің ең басты қоздырғышы болып табылады.

ULT.KZ. «Әкімдер корпусын қандай өзгерістер күтіп тұр?» - Кеше біраз ауыс-түйіс болып, Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Мемлекет басшысы Премьер-министр лауазымына Асқар Маминді ұсынып, жаңа міндеттер жүктеді. «Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек» деп қадап айтты. Сөйтіп, Үкіметтің жаңа командасы жасақталды. Қаншалықты сәтті таңдау болғаны уақыт еншісінде.   

 JASQAZAQ.KZ. «Созылмалы кеселге айналды» - Көктем жақындағанда су тасқыны ел-жұртты алаңдататын күрделі мәселеге айналады. Мамандардың айтуынша, биыл 500-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар. 

«Тұрқы түйедей, мінезі мысықтай бала қайдан туады?» - Жүрсін Ерман – айтыс өнерінің өркендеуіне жанашыр болған танымал тұлға. Ақындығымен де ерекшеленетін, қоғамдағы құбылыстарды қалт жібермей бағасын беріп, бағамдап отыратын азамат. Белгілі қаламгердің жанына бататын не, не қуантады? Біздің тілшімізге сұхбат берген Жүрсін Ерман ағамыз біраз мәселені қозғады.

QAZAQTIMES.COM. «”Жынымды келтірмеші”: Су жаңа министр ашулы әріптесіне қатысты мәлімдеме жасады» - Су жаңа Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов: «Халық өзгерістерді сезінуі тиіс» - деп мәлімдеді.


26 ақпан 2019, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.