Атырау, 27 желтоқсан 16:30
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

ВОР-ды МММ-ға ауыстырамын

3 102 просмотра

Атыраулықтар арасында  www.viper.kz сайты кең танымалдыққа ие: онда әрбір ниеттенуші адам автокөліктің мемлекеттік нөмірін  сатып ала алады немесе сата алады. 

САНДАР МЕН СӨЗДЕР

Үш бірліктен тұратын атыраулық нөмірді жасырын сатушы 4 мың долларға ұсынып тұр. Қайта рәсімдеу – сатып алушының міндеті. Көбіне сатып алушылардың көпшілігі жол полициясымен бірге бұл мәселені өздері шешіп беруге ұсыныс жасайды және нөмірді айтылған жерге жеткізіп те береді.

Негізінен сұраныста үш бірдей цифрлар, ондай нөмірлердің құны 1 000 доллардан басталады. Егер ол оның үстіне латын әріптерімен көмкерілген болса, сатушылар тіптен қымсынбайды: мәселен қазіргі ең қымбат деген – қызылордалық  N 070 NNN нөмірі 15 мың доллар тұрады.

Қалалықтарды тек цифрлар ғана емес, нөмірдегі сөздер де қызықтырады. Айталық, көпшілігі NEO таңдаулылары болуды армандаса, музыка ырғағындағы мәтінді ұнатушылар RAP сөзін іздейді, енді біреулері  MMM және  ВОР дегенге қызығады, ал жарысқа түсушілер – үш Иксты қалайды. 

Ал кейде адамдар көліктерінің қожайындарының аты-жөнінің бірінші әріптерін алып жүргенін қаласа, тағы бірі ең болмағанда туған күндерін білдіретін сандарды алуға қызығады.

Осының бәрі заңды ма?

– Толығымен,– деп есептейді сайт иесі 25 жастағы бағдарламашы Дархан МҰҚЫШЕВ. – «Алтын» нөмірлер  сыйға тарту келісім-шарты бойынша сатушыға сатылады. Біздің сайттың шыққанына бірнеше ай болса да, бірде-бір жол полициясының қызметкері қоңырау шалған жоқ, ал сайттағы хабарландырулар саны 16 мыңнан  асты.

Айта кетелік, атыраулық жол полициясының қызметкерлері бұл сайттан хабардар болып шықты, алайда, олардың айтуынша, заңсыздыққа жататын еш ілік жоқ көрінеді.

 

KCELL ХАБАРДАР

Бұл сайттан, сондай-ақ, ұялы телефондар нөмірлерін де сатып алуға және сатуға болады. Сәтті сандар жиынтығынан тұратын нөмірлер құны 1 500 долларға дейін барады.

– Алты жетіліктен тұратын нөмір сатып алушыға 10 мың долларға сатылды,  – дейді Дархан Мұқышев.  – Бұл біздің  рекорд.

Біз Қазақстан GSM компа-ниясының жұртшылықпен байланыс менеджері  Наталья ЕСЬКОВАМЕН байланыстық. Олар нөмірлердің бір қожайыннан екіншісіне көшіп жүргенінен хабардар болып шықты:

- Мәселен, адам автосалоннан көлік сатып алды делік, ал кейін оны сатып жібереді, яғни оның бұл әрекеті заңды болып табылады. Нөмірлерге қатысты да солай. Оның ерекшелігі - сол нөмірді міндетті түрде қайта рәсімдеу керек және оны ұзақ мерзімге созуға болмайды,- дейді  Наталья Еськова.

Осы жағдайды пайдаланған мен  интернетте кез-келген нөмір сатып алушыға сатылып жатқан біздің және сіздердің телефондарыңыздың нөмірлері бар компанияның мәліметтер базасына қатысты сауалымды қойдым. Құпиялылық қайда?

- Олай болуы мүмкін емес, деп жауап берді маған, ондай болған жағдайда ол таза алаяқтық болған болар еді. 

Анастасия ПАСТУХОВА

ҚР ІІМ жол полициясы комитеті алғашқы алуан түрлі жаңа мемлекеттік нөмірлердің партиясын шығарды. Оларда Қазақстанның туы және KZ коды пайда болды. Аймақтардың әріптік белгілерінің орнына цифрлар болады. Мәселен, бізде ол 06.  Бұған қарамастан ескі мемлекеттік нөмірлер әбден тозығы жеткенге дейін жарамды бола береді.

12 қыркүйек 2012, 23:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.