Атырау, 19 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Үкімет отставкасы, Кершетастағы "нұрботтар" және Қытайдың аңду технологиясы», «Үкімет отставкасы: Қазақ даласын “өзгермейтін өзгерістің елесі” кезіп жүр», «"Халық шаршады". Жаңаөзендіктер жұмыс беруді талап етеді», «Халықпен жұмыс дұрыс жүрмей тұр».

3 390 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Үкімет отставкасы, Кершетастағы "нұрботтар" және Қытайдың аңду технологиясы» - Осы аптада батыс басылымдары Қазақстан үкіметінің кенеттен отставкаға кетуінің себептерін іздейді. "Нұрботтар" деп аталатын қазақстандық "тролльдер фабрикасының" орналасқан мекенін табуға тырысады. Бұған қоса Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі аңду технологиясын талқылайды.

«Саудиялық ханзада Қытайдың "лагерьлерде тәрбиелеу" тәжірибесін қолдады» - Оппозиялық журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты батыс елдерінің өткір сынына ұшыраған Сауд Арабиясы ханзадасының жаңадан жақтастарын табуға тырысып жатқаны айтылады.

«Көп балалы аналар наразылығы. Себебі тереңде ме?» - Астанада өртенген үйде қалып қойған бес қыз баланың қазасынан кейін көп балалы аналардың билікке талап қоюы әлеуметтік жағдайы нашар топтардың жеткілікті қолдау алмай отырғанын көрсетті. Және мемлекет саясатындағы жұрт көңілінен шықпайтын басқа да көптеген мәселелердің бетін ашты.

«"Халық шаршады". Жаңаөзендіктер жұмыс беруді талап етеді» - Жаңаөзенде жұмыс сұраған тұрғындар әкімдік ұсынған жұмыс орындарына разы емес. Жаңадан өндіріс орнын ашуды талап еткен азаматтар Маңғыстау облысы әкімімен кездескісі келеді. Жергілікті билік тұрғындарға мүмкіндігінше көмектесуге тырысып отырғанын айтады.

«Қазақстан премьерлерінің тарихы» - Қазақстанда премьер-министрлер жиі өзгереді. Ел тарихында тек бір ғана адам, Кәрім Мәсімов екі рет премьер-министр болған. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы үкіметті кімдер басқарды?

«Халықпен жұмыс дұрыс жүрмей тұр» - Ақпанның 21-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберген. Сол күні кешкісін ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев Facebook желісі арқылы мемлекеттік қызметтен кететінін жариялады. Министр орынбасарының қызметтен кету туралы арыз жазуына не себеп болды?

QAZAQTIMES.COM. «S-400 жүйесінің жанжалы: Түркия Шығыс-Батыстың таласына айналды ма?» -  АҚШ НАТО-дағы одақтасы ретінде Түркияға қайталай ескерту жасағанына қарамастан, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік S-400 зымыран қорғаныс жүйесін сатып алу жоспарын растады. Мәскеу тарабының аталған әуе қорғаныс жүйесін алдын ала жеткізетіні белгілі болғаннан кейін, Уашингтон мен Анкараның дау-дамай күшейіп кетті.

«Үкімет отставкасы: Қазақ даласын “өзгермейтін өзгерістің елесі” кезіп жүр» - Президент Назарбаев Бақытжан Сағынтаев үкіметін отставкаға жіберді. Сол уақыттан бері БАҚ өкілдері мен сарапшылар қауымы «Сағынтаев неден сүрінді?» - деген сұрақтың жуабын іздеуде. Бүгінгі күннің тренді дәл осы тақырып болып тұр. Осыған байланысты біз де «жұрт көшінен қалмайық» деген мақсатта аталмыш мәселеге байланысты елге танымал Дос Көшім, Ерлан Саиров және Расул Жұмалы сияқты азаматтардың пікірін білуді жөн көрдік.

«Грузия мектептеріндегі қытай тілі : Қытай ықпалы Орта Азиядан Кавказға қарай кеңейді» -  Барған сайын арта түскен Қытайдың саяси, экономикалық ықпалына ең алдымен Орталық Азия елдері тап болды. Себебі, Қытайдың шығыс және оңтүстік-шығысындағы мемлекеттердің экономикалық салмағы пост-кеңестік Орта Азия елдерімен салыстырғанда басым болды. Жапония, Корея, Тайвань, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам, Сингапур қатарлы елдер Қытай ықпалының шығысқа және оңтүстік шығыс, оңтүстік бағытта ұлғайуына табиғи бөгет ретінде рөл атқарды.

ABAI.KZ. «"Теңге Тәуелсіздік алды" деп, орыстар ойбайға басып жатыр...» -  Күні кеше ғана Президент Назарбаев "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды. Ол Жарлық бойынша, енді қазақ ақшасы тек қазақ тілінде "сөйлейтін" болды. Бәрекелді дедік. Сүйінші сұрап, хабарладық.


25 ақпан 2019, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.