Атырау, 27 желтоқсан 16:18
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сары талонның соңынан сабылу сейіледі

2 097 просмотра

Автокөліктердің техникалық тексеруден өтуіне көбіне қисық шамдары мен газдардың шығарылуы барысында  көмірқышқыл газдарының нормадан асып кетуі себеп болып жатады, дейді техникалық тексеруден өткізу орталықтарының қызметкерлері.

ШАМДАР ЖӘНЕ ЛАС БЕНЗИН

Шамдарға қатысты проблемалар әдетте жол апаттарынан кейін орын алып жатады. Көлік жөндеу стансасында жаңа шамдарды көзбен шамалап орнатады, кейде көз өлшеуіштер шеберлерді жаманатқа қалдырады. Ал нормативтік емес газ шығаруды орталық қызметкерлері сапасыз бензинді қолданумен байланыстырады. Олар өздерінің бұл болжамын былайша түсіндіреді: газанализаторлар негізінен 92 бензинімен жүретін көліктерді «тежейді». Жаңа көліктермен ондай проблемалар туындамайды және ескілерінің өзі қымбаттау бензин құйсаң ғана газанализатор сынағынан сәтті өтіп жатады.

– Бүгінде Атырау облысында техникалық тексеруден өткізетін 5 орталық бар. Оның 4-і Атырау қаласында және 1-уі Құлсары қаласында, - дейді Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша  «Каспий» аймақаралық көлік бақылау инспекциясының  бөлім бастығы Зұлхарнай МҰҚАШ.

Жыл аяғына дейін тағы да 3 орталық ашылады деп  жоспарлап отырмыз. Биыл техникалық тексеруден өткендігі туралы куәлік - сары талонды 30 мыңнан аса автокөлік иелері  алып үлгерді. Күн сайын әрбір стансаға 30-40 машинадан келеді. Әрбір машинаны тексеруге 15-20 минут уақыт кетеді.

– Ақпараты бар қатты диск толғаннан соң біз ол жазбаны көлік министрлігіне жолдаймыз, бұл шамамен үш айда бір болады,- дейді «Қуанышев ЖК» директоры Руслан ҚУАНЫШЕВ. 

Бұл бүгінгі күннің нәтижесі. Техникалық жүйеден өтудің бірыңғай жүйесі мынадай болмақ. Автокөлік техникалық тексеруден өтіп жатқан кезде онлайн-режимде орталық мәліметтер базасына тексеру-диагностикалық жабдықтың көрсеткіштері мен тексеру нәтижелері автокөліктің суретімен бірге диагностикалық карта және техникалық тексеруден өткендігі туралы куәліктің берілгендігі жөнінде ақпарат беріледі. Бірыңғай жүйенің тек қана техникалық тексеруден өткен автокөлік есебін жүргізіп қана қоймай, одан әрі қағаз куәліктер беруден бас тартуға мүмкіндік береді деп жоспарлап  отыр. Көлік және коммуникация министрлігінде тіпті, оның мерзімдері де көрсетіліп отыр – ол келесі жылдың бірінші жартыжылдығы. Алайда, оның тәжірибе жүзінде қалай болатындығын әзірге ешкім де білмейді. Өйткені, жол полициясының инспекторлары оның бәрін онлайн режимінде қарап отыру үшін үнемі электронды базаға қолжетімді болуы тиіс қой.

 

10 КҮН МЕРЗІМ

Техникалық тексеру жүйесінің ақпараттық жасақтаушылары «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ болып табылады.

– Біз техникалық тексеру стансаларының құрал-жабдықтарын біздің жүйеге қосуды аяқтадық. Таяу арада оны іске қосуды көздеп отырмыз, - дейді «НИТ» АҚ бөлім бастығы Асылбек АХАН.

Оның айтуынша, бұрын станса қызметкерлеріне екі рет жұмыс істеуге тура келді: алдымен автокөлікті тексеру, ал кейін тексеру нәтижесін «НИТ» АҚ жүйесіне енгізу керек болды. Енді оның бәрі автоматты түрде жүргізілетін болады. Тағы бір жаңалық – алдағы уақытта техникалық тексеруден өту үшін сақтандыруды көрсету міндетті емес. Тек автокөліктің техникалық төлқұжаты және үстіміздегі жылы көлік салығын төлегендігі жөніндегі растау қағазы керек. Егер техникалық тексеру кезінде  ақаулар анықталса, автокөлік иесінің оны жөндеуге 10 күндей уақыты бар. Осы мерзім ішінде тексеруден қайта өткізу тегін жүргізіледі. Оның үстіне тек ақауы болған блоктары ғана тексеріледі. Ал 10 күннің ішінде үлгермегендерге қайтадан төлеуге тура келеді.

Техникалық қызмет көрсету орталықтарын ашуға ниет білдірген кәсіпкерлер үшін де жаңалықтар бар. Техникалық тексеру орталықтарын тізімге енгізу үшін құжаттардың қаралу мерзімі 15 күннен 5 күнге дейін қысқарды және құжаттар тізімі де азайды. Бұдан басқа, селолық жерлерде  орталықты ашу үшін  техникалық тексеруді жүргізуге бір ғана мобилді немесе стационарлық желіні ғана таңдау жеткілікті. Облыс орталықтарындағы техникалық қызмет көрсету бекеттерінде  бұрынғысынша екі желі де қалады.

7 жылдан аса қолданылған автокөліктер техникалық тексеруден жыл сайын, ал 3 жылдан 7 жылға дейінгі автокөліктер – екі жылда бір рет өткізілуі керек. Әрбір 36 ай сайын шыққанына 3 жылдан кем уақыт өтпеген көліктер өткізіледі. Қоғамдық көліктер (автобустар, шағын автобустар, такси) шыққан жылына және меншік формасына қарамастан жылына екі рет  өткізіледі. Техникалық тексеруден автокөліктің тіркелген мекен-жайынан ғана емес, еліміздің кез-келген техникалық қызмет көрсету орталығынан өтуге болады.

 

Жеңіл автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу мерзімі (7 жыл және одан көп мерзімде пайдаланған) үкіметтің қаулысына сәйкес, алты айға ұзартылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында техникалық тексеруден өтуге тиісті автокөлік құралдары қарашада, ал маусым айында өтуге тиісті көліктер желтоқсанда, шілде айында өтеді деп белгіленген көліктер 2013 жылдың қаңтарында, тамызда өтуге тиісті көліктер ақпанда, қыркүйекте өтеді деп белгіленген көліктер 2013 жылдың наурызында техникалық тексеруден өтеді. Мұндай шара техникалық тексеру стансаларындағы кезектен құтылу үшін алынып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 қыркүйек 2012, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.