Атырау, 27 желтоқсан 16:52
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

1 қазаннан бастап жолақы 50 теңге болады

2 169 просмотра

11 қыркүйекте қалалық мәслихаттың депутаттары Атырау қаласы әкімінің 2012 жылдың 13 мамырындағы қаулысына енгізілген өзгерістерді бекітіп, үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап қаладағы қоғамдық көліктердің жолақысын 60 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетті.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қоғамдық көлік секторының бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВТЫҢ айтуынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бір адамға 60 теңге көлемінде енгізілген жолақы тарифі «облыстың рейтингілік көрсеткіштеріне және инфляцияға теріс әсерін тигізгендіктен» автобус тасымалын арзандату туралы шешім қабылданған.

Ал депутат Нұрлан ЖОЛМАҒАМБЕТОВ жолақының 50 теңгеге дейін төмендеуі «Батыс Транспорт-СИМ» ЖШС-ін банкротқа ұшыратады деп мәлімдеді. Бірінші қатарда отырған тағы бір депутат бұған қатысты қалалық әкімдіктің жүргізушілер мен кондукторлардың пікірлерін сұрағандары жөн еді деген ойын әсірелене айтып қалды. Ол, шамасы, бағаның төмендеуі «Батыс Транспорт-СИМ» ЖШС маршрутының қожайынына емес, өздеріне ауыр тиетінін меңзеген болуы керек.

Бұл айтысты қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ тоқтатып тастады:

– «Батыс Транспорт-СИМ»-де мұншалықты көп шығындар мен тиімсіз менеджмент болғанына ешкім де кінәлі емес. Мейлі, кете берсін – басқа тасымалдаушы компаниялар бар. Олай етпесе, өз қызметтерінің өзіндік құнын төмендетуге қол жеткізіп, басқа тасымалдаушылармен бәсекелестікке түссін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 қыркүйек 2012, 23:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.