Атырау, 19 желтоқсан 00:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«“Қорқақ” атанған үкімет ақыры отставкаға кетті. Сағынтаев бастаған министрлердің сағы неден сынды?», «Үкімет тарады. Енді не болмақ?», «А.Сарым үкіметті Мамин басқарса қандай өзгерістер болатынын айтты», «Бейбарыс сұлтан біздің даламыздан шыққан жоқ».

4 470 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Үкімет тарады. Енді не болмақ?» - Ақпанның 21-інде Қазақстан президенті үкіметтің отставкасын мақұл көрді. Сарапшылар бұл кабинеттің "әлсіз" болғанын айтты, бірақ неге тарағаны туралы әрқилы пікір білдірді.

«"Патша жақсы. Уәзірлер жаман". Әлеуметтік желідегі реакция» - Ақпанның 21-і күні президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті таратты. Әлеуметтік желі қолданушылары саяси оқиға туралы түрлі пікір білдіріп жатыр.

«ИМ жесірлері мен балаларын елге қайтару екіұдай пікір туғызды» - Душанбе Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымында болған содырлардың отбасы мүшелері - тәжікстандық әйелдер мен олардың балалары Отанына қайтқысы келсе қабылдайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Таяу Шығыстан елге қайтаруды жалғастыратынын айтқан.

365INFO.KZ «28 панфиловшылардың айналасындағы дау-дамай — бұл әулиелерді қорлау» - Мәскеу түбіндегі Дубосеково шайқасының айналасындағы дау-дамайдың жаңа толқыны басталды. Және тағы да Алматыдағы саябақтың атын өзгерту талап етіліп жатыр.

ABAI.KZ. «Бейбарыс сұлтан біздің даламыздан шыққан жоқ» - Бейбарыс сұлтанды біздің даламыздан шыққан деген орынсыз. Ол – қырымдық урус пен сакалбан елдерінің бір бөлігін билеген Бөріші династиясының өкілі. Құлдықта кеме ескекшісі болғаны, Таяу Шығысқа кемемен жеткені, оның туған жері Қара теңіз жағасы екенін айғақтайды. Бөріші тобының бір бөлігі кейін Берш деген тайпаны қалыптастырды. Сондықтан Бейбарыс сұлтанды Беріш руынан деген дұрыс. Алайда, оның отаны Қырым екенін мойындауымыз керек.

INFORMBURO.KZ. «“Қорқақ” атанған үкімет ақыры отставкаға кетті. Сағынтаев бастаған министрлердің сағы неден сынды?» - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қызметінен босатылу себебі.Informburo.kz тілшісі ол бастаған кабинеттің жұмыстарына талдау жасап көрді.

SPUTNIKNEWS.KZ «Қазақстанда жаңа үкімет қалай құрылады» - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес үкімет отставкаға кеткеннен кейін мемлекет басшысы парламент мәжілісіне жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуы тиіс.

NUR.KZ. «Айдос Сарым үкіметті Мамин басқарса қандай өзгерістер болатынын айтты» - Саясаттанушы Айдос Сарым өзінің Telegram-арнасында премьер-министр Асқар Мамин болса, үкімет жұмысы қалай өзгеретіні жайында пост жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Премьер-министрдің міндетін атқарушы Асқар Мамин жайында не білеміз?» -Елбасының жарлығымен үкімет отставкаға кетіп, Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік жайында ақпаратты NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.


22 ақпан 2019, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.