Атырау, 29 қараша 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Зираттарды тонағандар ұсталды

2 643 просмотра

Полицейлер қалалық христиандар зиратынан металл қоршауларды ұрлаған екі қарақшыны қолға түсірді.

Белгілі болғанындай, бұл жігіттер күндіз де ұрлыққа барған. Зиратқа келушілердің бірі көрші бейіттің шойын қоршауын жұлып алып жатқан күдікті адамды байқаған. Алайда, оларға бірдеңе деп айтудан жасқанған ол бірден жүгіріп зират әкімшілігіне барған. Сол уақыттың ішінде әлгі күдіктілер «Газель» автокөлігіне олжаларын салып, белгісіз бағытқа жүріп кетіпті. Полицейлер сол күні кеште-ақ ұрыларды қолға түсіріп, «Газель» жүргізушісін босатып жіберген. Көлігімен жалданып жұмыс жасайтын  ол ештеңеден хабарсыз. Зираттағы шойын қоршаулардың ұрлануы  жаңалық емес және ондай жағдайлар жиі орын алады, алайда, полицияға олардың барлығы бірдей шағымдана бермейді. Осы зиратқа туысқаны жерленген Михаил N., деген азамат өзінше тергеу жүргізіп, зиратты түгел шарлап, олардың көпшілігінің қоршаусыз қалғанын  анықтады. 

Зиратты күзету қалай жүзеге асырылады? «Спецбюро» ЖШС қызметкерлерінің бірінің айтуынша,  зират аумағы күн сайын тексеріліп отырады, оқиға орын алған күні де тексеру жүргізілген, алайда, еш күдікті нәрсе көз қырына ілінбеген.

Михаилдың пікірінше, бұл қылмыс вандализм ретінде қаралуы тиіс, бірақ, полицейлер басқаша пікірде: 

–175-баптың 2-тармағы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау қалалық ІІБ криминалды полиция бастығының орынбасары Марат ТОҒАНИЯЗОВ.  

Анастасия ПАСТУХОВА

12 қыркүйек 2012, 23:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.