Атырау, 29 қараша 02:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Казармадағы жұдырықтасу

2 229 просмотра

Әскери прокуратураның бастамасы бойынша әскери бөлімшелерде билікті асыра қолданылушылықтың екі  дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Лауазымды тұлғаларға қатысты үкімдер шығарылды.

- ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасының Атырау бөлімшесінің тергеушісі Орынбек СЕРІКҰЛЫҚР ҰҚК ШҚ 2016 әскери бөлімшесінің әскери қызметкері лейтенант Ф.Г.қатысты ҚР ҚК 380-1 бабы, 2-тармағы «а» тармақшасында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қызмыстық іс қозғады, - деп хабарлады Батыс аймақтық әскери прокурорының орынбасары, әділет майоры Руслан АЛМАХАНОВ. – 10 мамырда ҰҚК шекара қызметінің 2016 әскери бөлімшесінің әскери қызметкері лейтенант Ф.Г., коменданттық ротаның жеке құрамының ұйықтайтын бөлмесінде әскери қызметкер Е.К-ге  жұдырығымен бетіне және арқасына бірнеше соққы берген. Соққының нәтижесінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген жауынгер дене жарақаттарын алды, оның  «бас терісіне қан жиналған, беті, құлақ жарғақтары, мойыны, сол жақ бұғанасының үсті, оң жақ жауырынының үсті, жауырынының  астыңғы жағы қанталап, жырылған».

Одан бұрын, 9 сәуірде осы 2016 әскери бөлімшесінің коменданттық ротасының аға лейтенанты К.Д. жеке құрамның ұйықтайтын бөлмесінде мерзімді қызметін өтеуші әскери қызметкер К.С.-ны  аяғымен желкесінен ұрған. Сот-медицина сараптамасының қорытындысы бойынша жауынгер жеңіл дене жарақатын алған.

Екі іс те Әскери сотта қаралып үлгерді. Сот үкімімен өкілеттіліктерін асырған лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандықтарынан айрылды. ҚР ҚК 63-бабының қолдануымен жаза 3 жыл мерзімге шартты түрде белгіленді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

12 қыркүйек 2012, 23:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.