Атырау, 5 желтоқсан 08:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қылмыс хроникасы

1 794 рет қаралды
 

Құрманғазы көшесінің бойында 8 қыркүйекте 4 сағат 55 минутта 32 жастағы ер адам күш қолданып, өтіп бара жатқан 23 жастағы жігіттің ұялы телефоны мен 58 мың теңгесін тартып алған. Тонаушы ұсталды.

***

Жерұйық ықшамауданындағы жеке үйдің 52 жастағы қожайыны 8 қыркүйекте сағат 17-ден 22-ге дейін белгісіз біреулердің терезе арқылы оның үйіне түсіп, жеке заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде полицияға шағым түсірген. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

***

Азаттық даңғылы бойында 8 қыркүйекте сағат 20-да 23 жастағы ер адам ұсталды. Оның қалтасынан «Стражник» зақымдаушы тапаншасы табылған. Сараптама тағайындалды.

***

Атырау-Еркінқала тас жолында 9 қыркүйек күні сағат 14-те «Chans» көлігінің 52 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Алынған зақым салдарынан жүргізуші көз жұмды.

12 қыркүйек 2012, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.