AZATTYQ.ORG. «Билікке талап қойғандар шырғалаңға түскендерін айтады» - "Клуб любителей Конституции" бейресми ұйымының белсенділері Алматы қаласы әкімдігіне көп балалы аналар құрылтайын өткізуге өтініш берген соң қудалауға тап болғандарын мәлімдеді. Оралда қала әкімінің есепті кездесуіне талаптары жазылған плакатпен барған екі белсендінің біреуі үш тәулікке қамалса, екіншісі аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Ол полиция ғимаратының үшінші қабатынан өзі құлап кеткен-мыс. Азаттық Алматы мен Оралдағы белсенділердің қызметіне не тоқтау салғанын анықтауға тырысты.
«Зерттеу: ерте тұрмыс құрғандар арасында ажырасулар көп» - Тәжікстанда жүргізілген зерттеу ерте және күштеп неке қиғызудың соңы отбасылық кикілжің және ажырасумен аяқталатынын көрсеткен. Мұндай жағдайда тұрмыс құрған қыздардың кейбірі өз-өзіне қол жұмсайды дейді зерттеу авторлары.
«Кашмирде не болып жатыр?» - Үндістан мен Пәкістан арасында Кашмир дауы қайта ушықты. Екі ел дипломаттарын кері шақырып алды.
«АҚШ-тағы қазақ кәсіпкер: "Бұл жақта құқығымыз тапталмайды"» - Қазақстандық Абзал Ілесбеков төрт жылдан бері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрады. Ол Азаттыққа АҚШ-тағы өмірі мен бизнесті қалай бастағаны жайлы әңгімелеп берді.
«Қол көтерген күйеуін өлтіріп, сотталған әйелдердің тағдыры» - Әйел қатыгез немесе маскүнем ерін өлтіріп алған кезде, заң бойынша көбіне «Қажетті қорғану» бабын қолданылу керек. Бірақ тергеу немесе сот ісін қарау кезінде бұл бап ескерілмей қалады.
«Көп балалы аналар мәселесінің шешімі бар ма?» - Көп балалы аналар мәселесі әр жерде талқыланып жатыр. Аналар талабына қатысты мәжіліс депутаттары не дейді?
INFORMBURO.KZ. «Бақытты ақшаға сатып алуға болады немесе ЭКО-ның көмегімен сәби сүюдің құны қанша?» - Informburo.kz тілшісі қазақ қоғамы жасанды жолмен ұрықтандыруды қалай қабылдағанын және ЭКО-ға қатысты қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді зерттеп көрді.
QAMSHY.KZ. «"Келінжан" неге хит болды?» - Әне-міне дегенше, жұртты көк жәшік пен ютубке телмірткен "Келінжан" телехикаясы мәресіне жетті. Қазақ киноөндірісінің босағасынан сызыла сәлем беріп кірген "Келінжан" көптің көңілінің төріне жайғасты. Жұрт мақтаған телехикаяны мен де түгел көріп шықтым. Сонымен, "Келінжан" неге хит болды?
«Бірнеше адамды өлімнен құтқарған имам: Иманы мықты суицид жасамайды» - Өзін-өзі өлтіру... Құлаққа түрпідей тиетін бұл тіркеске кей адамдар әуес келеді. Олар – басына түскен қиындықтарға төзе алмаған, «өлсем, бәрі бітеді» деген ойдың шырмауында қалғандар. Ал салдары екі дүниеде де ауыр болатынын ойламайды, сезбейді. Суицид жасамақ болғандарға басу айтып, оларды сағаттап тұрып көндірген «Нұр Астана» мешітінің наиб-имамы Мамлюк Мұсаев ондай әрекеттің салдары жайлы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне айтып берді. Әрі ол «суицид жасайтындардың жаназасы шығарылмайды» дегендерге де жауап берді.