«Мұнайшы» стадионындағы ұрланған алтынға қатысты даулы оқиға өзінің ақырына жетті: біреуі кәмелетке толмаған үш ұры да тиісті жазаларын алды.
Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың ақпан айында Атырауда қымбат металдардан жасалған әшекей бұйымдардың көрме-саттығы болды. Көрменің екінші күні павильон тоналған болатын. Ресейлік бизнесмендер өз жиынтықтарындағы көптеген бағалы бұйымдарының есебіне жетпеді, жалпы шығын көлемі 17 206 174 теңгені құрады.
Сол кезде бұл іске ІІД крими-налды полиция басқармасының қызметкерлері кірісті. Олар ұрыларды келесі күні-ақ қолға түсірді. Ал істің мєн-жайы былай болған еді: күзетші болып жұмыс істейтін жігіт пен оның кємелеттік жасқа толмаған інісі екеуі түнгі сағат 2-де дуалдан өтіп, павильонға апаратын есіктің терезесін сындырып, өздеріне ұнаған єшекейлерді қолды қылған.
Ағайындылар үлкен спорттық сөмкемен өздерінің таныс құрбыларының үйіне барып, заттарды жасыруын өтінген. Бойжеткенді көндіру қиын болмаған, оған риза болған жігіттер қызға бірнеше ұнаған бағалы бұйымдарын сыйға тартқан. Осы бойжеткен арқылы полицейлер ұрыларды қолға түсірді.
Бұл іске қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енді. Күзетші мүлкі тәркілене отырып 6 жыл бас бостандығынан айрылса, оның жасы кәмелетке жетпеген інісі жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясына бес жылға жіберілді. Ал ұрланған бұйымдарды жасырған бойжеткен 1 жыл бас бостандығынан айрылып, жазасын қоныстану колониясында өтейтін болады. Жєне оған үстеме жаза - 200 сағат қоғамдық жұмыс қосылып берілді.
Анастасия ПАСТУХОВА