Атырау, 19 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстан тарихы: қазіргі замандағы проблемалардан өткенге қашу ма?», «Ресей Байқоңырдан біржола кетпейді», «Әлиханның ұлы — Үгедей… Сергей Бөкейханов…», «Телеарнадағы құлдық психология һәм “Құлмінез”».

2 796 просмотра

CAMONITOR.KZ. «Қазақстан тарихы: қазіргі замандағы проблемалардан өткенге қашу ма?» - Қазақстандықтар ара-тұра тарихи ізденістерге беріліп кететіні құпия емес, алайда ол жерде басты рөлдерді шын мәнінде осы білім саласының мамандары емес, дилетанттар атқарады. Біздің ұлттық тарихымыздың өзі «ақ дақтардың» көптігімен сипатталғанын ескеретін болсақ, мұндай жағдайдың қисынды түсініктемесі жоқ болып көрінеді. 

QAMSHY.KZ. «Орта Азия президенттері қайда тұрады, қайда жұмыс істейді?» - 2015 жылы Тәжікстан президентінің резиденциясы ең әдемі резиденция болып мойындалды. Бұл тізімге Қазақстан президентінің Ақ Ордасы мен Түрікменстан басшысының «Оғызхан» сарайы да енген болатын. Олай болса, Орталық Азия президенттерінің резиденцияларына тоқталып өтелік. Президенттер ол жерде жұмыс істейді, кейбірі тұрады.

«Ауғандардың тұтқынына түскен совет сарбазы: Ресейге ешқашан қайтқым келмейді» -  Ауғандардың тұтқынына түскен совет сарбазы не себепті өз еліне қайтқысы келмейтінін түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Настоящее Время" телеарнасының  дерегін негізге алып.

«Бизнес-коуч Кәмшат Бекжігітованың өмірін өзгерткен қандай аффирмациялар?» -Аффирмация. Бұл сөз сізге таныс па? Бұрын-соңды естіген бе едіңіз?

365INFO.KZ «Украина президенті болуға кімнің мүмкіндігі жоғары?» - Украина президентінің кезекті сайлауы 2019 жылдың 31 наурызы, жексенбіге белгіленді. Мемлекет басшысы 5 жылдық мерзімге  жалпыға бірдей жасырын дауыс беру арқылы сайланатын болады. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Жақсылық Сәбитов арнайы 365info.kz сайлау алдындағы жарысқа талдау жасады.

«Әлиханның ұлы — Үгедей… Сергей Бөкейханов…» - «Алаш қозғалысының жетекшісі, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның ұлы Үгедей еңбек жолын осыдан 89 жыл бұрын Жезқазған жерінде, Қарсақбай мыс комбинатында бастаған. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, тұрғын үй кезегі және әлеуметтік көмектер туралы» - Елімізде көпбалалы отбасылардың жәрдемақы алып, тұрғын үйге кезегіне тұруға құқы бар, тұрғын үйді күту мерзімі орта есеппен 10 жыл.

ABAI.KZ. «Ресей Байқоңырдан біржола кетпейді» - Күні кеше ғана, «zakon.kz» дейтін сайт сүйінші сұрап, «РФ Қорғаныс министрлігі Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалануды доғарады» деген ақпаратты таратты.  Аталған сайттағы аз ғана ақпаратты оқып, бөркімізді аспанға ата қуандық. Қуанбай қайтейік, ұшырғанынан құлатқаны көп көршіміз бейбіт күнде бала-шағамызға у жұттырып, запыран құстырды. Ол туралы бұған дейін де жаздық. Кейінірек тағы жазармыз...

«Телеарнадағы құлдық психология һәм “Құлмінез”» - Баж ете қалатын псевдопатриоттар баж ете берсін, бірақ қазақ тілі бүгінде өзінің үнділігінен, әуезділігінен, шырайынан айрылып орысшамен араласып шұбарланған, аралас некеден туған баладай бет-пішініне дейін өзгеріп кеткен әрі сұрқай, әрі шорқақ тілге айналды.


19 ақпан 2019, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.