Атырау, 11 желтоқсан 00:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Браконьерлерге құрық салынды

2 200 просмотра

10 қыркүйекте «Бекіре-2012» жедел алдын-алу шарасының күзгі кезеңі басталды.

Прокуратура шекаралық қызметпен, құқыққорғау органдары және балық қорғау қызметімен бірігіп, Солтүстік Каспийдің қазақстандық бөлігін барлап ұшу жұмыстарын жүргізбек. Браконьерлікпен күреске 300 қызметкер, 30 бірлік техника, 50 жүзбелі құрал, 15 бейнебақылау камерасы жұмылдырылып, 20-дан астамқосын мен10 мобильдік топтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әскери кемелер мен тікұшақтар тартылатын болады. Облыстағы базарларға да рейдтер жүргізілмек. 

- Жыл басынан бері облыс аумағында балық өнімінің заңсыз айналымына қатысты 177 қылмыс, браконьерліктің 35 фактісі және балық пен уылдырықты заңсыз алу және қайта сатудың 142 оқиғасы анықталды, - дейді Атырау облысының табиғат қорғау прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИН.

Қылмыстық жауапкершілікке 150 адам, әкімшілік жауапкершілікке 3 мың адам тартылды. 105 тоннадан астам балық, 2 мың балық аулау құралдары және 92 жүзбелі құралдар тәркіленіп алынған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қыркүйек 2012, 22:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.