Атырау, 26 желтоқсан 20:40
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Салонда бензин сақтау қауіпті

2 065 просмотра

Тамыз айында «Каспий» аймақаралық көлік бақылау инспекциясы «Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі үшін» деп аталатын он күндік акция өткізді. Кезекті рейд барысында адамдарды толтырып мінгізіп алған жолаушылар таситын «Газельдердің» бірінен көлік инспекторлары жарылу қаупі бар заттар тасымалын анықтаған.

– Бұл «Газельдегі» канистра ішінде 20 литр бензин болған, ал бұған үзілді-кесілді тыйым салынады,- дейді автокөлікті бақылау бөлімінің бастығы Ниязбек МҰҚАШЕВ.

Барлығы 73 автобус пен 47 такси тексеруден өтті. 38 ереже бұзушылық анықталды. Соның ішінде өрт қауіпсіздігі, жолаушылар тасымалының ережелері бұзылған, механиктер мен медиктердің рейске шығар алдында қоюлары қажет белгілері болмаған.

– Біз жүргізушілердің кінәсінен ондаған адам қаза болған Қарағанды немесе Астанада орын алған трагедиялар қайталанбас үшін осындай акциялар өткізіп отырамыз, - дейді Ниязбек Мұқашев. – Жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтілетін болады. Егер бұрын біз түсіндіріп, алдын-алу жұмыстарымен ғана шектелетін болсақ, енді осы акция аясында айыппұлдар салдық. Жүргізушілердің қаперіне мынаны бергім келеді: жыл  ішінде ереже бұзушылық қайталанған жағдайда жүргізуші куәлігінен айыруға дейін шаралар алынуы мүмкін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 қыркүйек 2012, 22:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.