Атырау, 27 желтоқсан 09:30
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Психологиялық тестілеу тиімді ме?

2 792 просмотра

Осыдан үш жыл бұрын үкімет мектеп оқушыларын тест-жолақтары арқылы есірткі тәуекелділігіне қатысты тестілеуден бас тартуды ұйғарған еді. Оның орнына профилактикалық-психологиялық тестілеу ұсынылды.

Алайда одан да пайда болмады. Басқа көптеген қалалардағы секілді Атырауда да наркологтар бұрынғыша несептен есірткі ізін анықтау үшін реагенттер сатып алуда.

Облыстық наркологиялық диспансердің балалар дәрігер-наркологы Светлана СТРАМОУСОВАНЫҢ айтуынша,оқушыларды тестілеуден өткізу жылына екі рет – көктемде және күзде өткізіледі екен. 2011 жылдың сәуірінде кәсіптік лицейлер мен колледждердің екінші курс оқушыларын жаппай несеп арқылы тексеруге жіберген. 1 361 тестінің 10-ы оң нәтиже берді. Қазан айында Атырау қаласының 19 мектебінің жоғары сынып оқушылары тексеруден өтті. 1 733 адамның 4-уінен оң нәтиже анықталған. 2012 жылдың көктемінде марихуана қолданған 5 оқушы анықталды. Бір таңқаларлығы, мұндай тексерулер болатындығы туралы оқушылар мектеп әкімшілігінен алдын-ала біліп отырады екен.

Сол кезде «несептегі есірткіден қалай құтылуға болады» деген сауалды ғаламтордағы іздеу жүйесі арқылы іздегенімізде 200 мың жауап шықты. Көптеген қолданушылар үшін тестіден өту проблема емес көрінеді. Бастысы - өз бойы мен салмағын дұрыс есептеу арқылы белгілі бір күнге дейін есірткіні пайдаланбау керек екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

12 қыркүйек 2012, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.