AZATTYQ.ORG. «Қасымов қызметінің "жаңғырығы" және Қытай қазағының "жоғалуы"» - Осы аптада батыс басылымдары Қазақстан билігіндегі ауыс-түйістер туралы жазды. Халықаралық ақпарат құралдары сонымен бірге Қытайда туған этникалық қазақ, Ташкент әуежайының транзиттік аймағынан Өзбекстан билігі мен әлем елдеріне үндеу жасаған Ғалымбек Шағыманның "жоғалуын" талқылап, Астанадағы жаңа қаржы биржасының тағдырын да сөз еткен.
«Kaspi.kz инвесторына қандай айып тағылды?» - Мәскеудің Басман соты ақпанның 16-сы күні "Бэринг Восток" (Baring Vostok) қорының негізін қалаушысы, Kaspi.kz-тің ірі инвесторы Майкл Калвиді тұтқынға алды. Ресейде оған "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айып тағылды.
«Биліктің міндетін жеке қорлар атқарып жатыр ма?» - Өткен аптада "Қарекет" қайырымдылық қоры Алматы облысының көп балалы екі тұрғынына үй сатып алып берді. Аталған қор бір жарым жыл ішінде жетпіс отбасыны баспанамен қамтамасыз етті.
«Кездесуден қуылған белсенділер және жаңаөзендіктер талабы» - Осы аптада аймақтық басылымдар Қазақстанның бас қалаларында ғана емес, өзге өңірлерінде де көп балалы аналардың наразылығы өршіп отырғанын жазды. Әкімдердің тұрғындармен кездесуі және жұмыс сұраған жаңаөзендіктер жайлы да мақалалар жарық көрді.
«Шынберген Жауқаров: "Ауғанстандағы соғысқа сұранбасам да апарды"» - Совет-ауған соғысына қатысқан қазақстандық билік "бұйрығына бағынғанын" айтады. Тарихшы соғысқа қатысқандар "империялық саясат құрбаны" болды дейді. Сарапшының пікірінше, қоғамда ол соғысқа советтік көзқарас әлі өзгермеген.
«"Уәдеден шаршаған" аналар әкімге сұрақ қоя алмады» - Ақпанның 15-і күні Астанада жүздеген әйел қала билігімен кездесуге келді. Олар әкім орынбасарын тыңдамай, Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың алдарына шыққанын талап етіп тұрып алды.
QAMSHY.KZ. «Қазақстаннан сыртқа қанша қаржы кетті?» - Халықаралық қарды аударылымы жүйесі арқылы 2018 жылдың өзінде Қазақстаннан Ресейге 233,2 миллиард теңге аударылды деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі LS порталына сүйене отырып.
CAMONITOR.KZ. «Әлеуметтік жарылыстың болуы мүмкін бе? ҚР бюрократиясы өзінің іс-әрекеттерімен өзіне-өзі зиян келтіріп отыр» - Бүгінгі күні байқалып жүрген әлеуметтік наразылықтың өршуінің қандай салдары болуы мүмкін? Қоғамдағы жанып жатқан наразылыққа отын лақтырған шенеуніктер жағдайдың жалпыланған бейнені жасап, статус-кво сақтап, барлығын бұрынғысынша қалдыра ала ма? Бұл туралы біз саясаткер Султанбек Султангалиевпен әңгімелесеміз.
QAZAQTIMES.COM. «Абзал Құспан: Сайрагүл саяси ойындардың құрбаны болып кетпесе екен деймін» - Қытайдан келген қандастардың басына түскен ауыртпалықтарды заңдық негізде жеңілдетуге күш салып жүрген азаматтық белсенді, адвокат Абзал Құспан мырзамен өз қорғауындағы Сайрагүл Сауытбайдың өзінен бас тартуына және Қытайдағы қазақ тағдырына қатысты мәселелердің түйткілді тұстары жөнінде сұхбаттастық.