Атырау, 11 желтоқсан 10:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Есептегішсіз еселеп төлейсің

2 329 просмотра

Атырау Жылу электр орталығы (ЖЭО) таяу күндерде табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментіне жылу энергиясының есептегіштерімен жарақтанбаған көп пәтерлік үйлерге берілетін жылу тарифтерін өсіруге өтініш  ұсынуы тиіс.

Естеріңізге тағы да сала кетейік, 2012 жылдың 10 мамырында ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Марат ОСПАНОВ жылу өлшегіштермен қамтамасыз етілмеген үйлердің тұрғындары үшін жылу тарифтерін есептеудің әдістемесін бекіту жөніндегі бұйрыққа қол қойған болатын.

Оның формуласы мынадай: Т = 1,2 х Т1, бұл жерде Т1 – жылумен жабдықтау қызметінің жалпы тарифі. Енді жылу өлшегіштері жоқ тұрғындар бұрынғыға қарағанда 20% артық төлейтін болады. Бірақ, осы тарифті өсіруден түскен ақша енді монополистің қалтасына емес, жылу өлшегіштері бар үйлердің тұрғындарының тарифтерін төмендетуге жұмсалады. Шенеуніктердің пікірінше, бұл норма тұрғындарды өлшегіш құралдар орнатып, жылуды үнемдеуге ынталандырады.

Одан әрі шенеуніктердің жылу өлшегішпен жарақтанған тұрғын үйлері аз қалаларда есептегіштері бар тұрғындардың жылу үшін ешқандай ақы төлемейтіндігін ескермей қалғандығы белгілі болды. Тоқтаңыз, олар не себепті төлемейді? Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің департаментінде бізге: «Өйткені, жылу өлшегіштері жоқ тұрғындардың артық төлеу мөлшерлемесі өлшегіштері бар үйлер үшін тарифтерді төмендетуге жұмсалуы тиіс» деп отыр. Атырауда тұрғын үйлердің жылу өлшегіштермен жарақтануы 7,9% құрайды, демек, артық төлеу мөлшері үйлердің  92,1% үшін барынша қомақты болмақ. Тариф есептегіші  бар тұрғындар үшін 0-ге дейін төмендеуі мүмкін. Алайда, монополияға қарсы департамент нөлдік тарифі бар тұрғындардың бұл оңай нәрсеге үйреніп, кейін жылу өлшегіштері жоқ  үйлер саны азайып, «қалыпты» тарифке қайта оралған кезде төлеуден бар тартады деп қауіптенеді.

Жалпы, Агенттікке Атырау секілді қалалар үшін жаңа формула ойлап табуға тура келді. Ол мынадай: Т2 = 0,5 х Т1, бұл жерде  Т1 – жылумен жабдықтау қызметінің жалпы тарифі, ал, Т2 – жылу өлшегіштері бар тұрғындарға арналған тариф. Есептегішті қондырған адам жылудың жалпы тарифінің  жартысын төлеуге мүмкіндік алады.

Одан әрі үйлерінде жылу өлшегіштері жоқ Атырау тұрғындары үшін тарифті есептеудің қиын да түсініксіз формуласы жүреді. Біз өзгеріс мөлшерлерінің айла-шарғысын түсіндіріп беруге тырысқан құпия сарапшыны таптық. Атырауда өткен қыста қолданыста болған жылу тарифі шаршы метр үшін  85,5  теңгені құрады.

Үстіміздегі жылдың 15 қазанынан бастап кімде жылу есептегіш жоқ, солар  жылытатын тұрғын үй алаңы бойынша шаршы метр үшін 93,14 теңге төлейді деп болжанып отыр. Демек, тариф халықтың бұл санаты үшін 8,9 пайызға өспекші. Дегенмен цифрлар ЖЭО өтініш бергеннен соң нақтыланатын болады.

Сараптамашы жылу өлшегіштермен жарақтанған үйлер санының артуына қарай есептегішсіз тұрғындар үшін жылу тарифтері 20% дейін өсетінін атап өтті.  Бұдан басқа, сараптамашы  қалалық әкімдіктің аталмыш әдістеменің 9-тармағына сәйкес монополияға қарсы агенттікке жылу өлшегіштерді орнатуға техникалық жағынан мүмкіндігі жоқ тозығы жеткен, апатты және барақ үйлердің тізімін ұсынуға міндетті екендігіне назар аударды. Бұл санаттағы үйлер үшін жылу тарифі көтерілмейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Саша ДЕНИСОВТЫҢ коллажы

12 қыркүйек 2012, 22:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.