4 қыркүйекте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметіне Жұмабай ҚАРАҒАЕВ тағайындалды. Естеріңізге салсақ, бұрын ол осы бөлімге басшылық еткен болатын. Алайда биылғы жылдың көктемінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ауыстырылды. Қаланың жаңа әкімі С. Айдарбековтың шешімімен ол облыс орталығының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының креслосына қайтадан жайғасты.