Атырау, 19 желтоқсан 00:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстан шетелдік құқық қорғаушыларды депортациялады», «Аккредитация алу ережесін өзгерту ұсынысы сынға ұшырады», «Биліктің негізгі тетіктерінде Қытайда шыңдалған кадрлар отыр», «Ауғанстан. Әділетсіз соғыстың соңғы сардарлары».

2 442 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан шетелдік құқық қорғаушыларды депортациялады» -Қазақстанға мониторинг жасауға келген Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының өкілдері Людмила Волошина мен Валерий Явтушенко 15 ақпанда таңғы әуе рейсімен Киевке депортацияланды. Украина консулы өз елінің азаматтарына жолыға алмағанына наразылық білдірді.

«Аккредитация алу ережесін өзгерту ұсынысы сынға ұшырады» - Қазақстан ақпарат және коммуникациялар министрлігі іс-шараларға журналистерді қатыстыру ережесін күшейтуді ұсынып отыр. Тілшілер бұл ұсынысқа қарсы шығып, митинг өткізуге өтініш берді.

INFORMBURO.KZ. «Қоғамдық кеңестердің бүгіні мен болашағы. Немесе "Демократия декорациясы"» - Өткен аптада ҚР Азматтық қоғамды дамыту министрлігі мен Қазақстанның Азматтық Альянсінің ұйымдастыруымен Қоғамдық кеңестердің II республикалық кеңесі өтті.

«Инвестициялық резиденттік дегеніміз не? Ол Қазақстанға не үшін керек?» - Қазір заң жобасы ҚР Үкіметінде қаралып жатыр. Жобаны әзірлеушілер оны Парламенттің қарауына 2019 жылдың мамыр-маусым айларында жіберуді жоспарлап отыр.

«Ауғанстан. Әділетсіз соғыстың соңғы сардарлары» - Бұл құпия барлау операциялары туралы бұрын еш жерде жарияланбаған, оған қатысқан шетелдік азаматтардың аты-жөндері өзгертілген.

«Өзбекше Тәуелсіздіктің көріністері» - Өзбекстанда жоғарғы биліктің ауысқанына екі жылдан асты. Бұл-көрші елдің тізгінін жұдырығында қысып ұстап келген Ислам Кәрімов өмірден өткелі биліктің ауысуы.

«Ауған соғысының ақиқаты. Ауған елі туралы қызықты деректер» - Биыл КСРО әскерінің Ауған жерінен шыққанына 30 жыл. Он жылда Кеңес Одағы қандай жұмыстар істеді? Ауғанстан кеше қандай болды? Бүгін қандай ел? Жаңаша көзқарас.

QAMSHY.KZ. «Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары» - 1940 жылы Гитлер әлемді қалтыратып тұрғанда, Ұлыбританияның премьер-министрі әрі қорғаныс министрі болып 65 жастағы Уинстон Черчилль сайланады. Оның Парламентте өз ұлтына арнаған алғашқы сөзі былай басталған: «Менің сендерге қан мен терден, көз жасы мен ауыр еңбектен басқа ұсынарым жоқ». Оның осы сөзінің нәтижесі бүкіл әлемге белгілі. Черчилль 1951 жылы 77 жасында екінші рет премьер-министр болып сайланып, 1955 жылға дейін 81 жасына дейін тақта отырды.

«Көп балалы аналардың қолына қаржы беріп, бизнеске баулу керек...» - Қазір елде көп балалы аналар мәселесі қызу талқыға түсіп жатқан кез. Осыған орай отандық сарапшылар көп балалы аналарға қатысты өзге елдердің ұстанған іс-тәжірибесін мысал етіп, бізге де осындай жайттарды електен өткізіп алу керектігін айтуда. Мәселен, «Барометр» талдау орталығының сарапшысы Дәурен Арынның айтуынша, қазір көп балалы аналарды мемлекеттік субсидиямен қамту өзекті болып отыр.

ABAI.KZ. «Биліктің негізгі тетіктерінде Қытайда шыңдалған кадрлар отыр» - Қазақстан тәуелсіздік алмаған Кеңес заманында біздің ауылдан ата жұртқа алғаш қадам басқан ақын, баспагер Тәліпбай Қабаев еді. Марқұм атамыз виза ала алмай, Бейжиңдегі Кеңес консулдығының табалдырығын тоздырғанын жыр ғып айтатын. Үрімжідегі Шинжаң жастар-өрендер баспасының Қазақ бөлімін басқарып тұрғанда жұмыс бабымен Бейжиңге жиі жолы түскен екен. Барған сайын консулға соғып, шаруасын қузастырыпты.

TURKYSTAN.KZ. «Мен –  бақыттымын»  - Халқымыздың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының жан дүниесін, мінез, ақыл-парасат ерекшелігін бейнелеуге арналған белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбайдың «Ұмытылмас кездесулер», «Атақ пен шатақ», екі кітаптан тұратын «Мен халқымның Бауыржанымын», «Мен – қазақтың баласы» деген бес томы жарық көріп, талғампаз жұртшылығымыздан жоғары баға алғаны мәлім. Бүгін танымал жазушы, бауыржантанушы Мамытбек Қалдыбайды 80 жасқа толуы құрметімен құттықтап, оқырман назарына оның Баукең туралы соңғы жазбаларын ықшамдап ұсынып отырмыз.

365INFO.KZ «Ресей жаһандық интернеттен ажыратылуға дайындалып жатыр» -Мемлекеттік Дума интернеттің ресейлік сегменті — Рунеттің жаһандық желіден ажыратылған жағдайдағы тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасын қабылдады.

15 ақпан 2019, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.