Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы) жалпы отырысында палата депутаттары Қабиболла Жақыповты Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметіне сайлады.
Вице-спикердің бұрынғы орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетов Президент жарлығымен Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.
Қ. Жақыпов мемлекеттік қызметте көп жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған және 2007 жылдан бері Мәжіліс депутаты болып табылады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.