Атырау, 23 ақпан 10:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Құлсарыда терроризмге қатысы бар тағы екі күдікті ұсталды

3 081 рет қаралды

Құлсары қаласының №1 ықшам ауданындағы №22 үйде арнайы операция аяқталғаннан кейін шамамен бір сағаттан кейін полиция мен арнайы жасақ сол маңдағы тағы бір бес қабатты №36 үйді қоршауға алып, тұрғындары шығарылды. Сол жерде болған адамдардың айтуынша, біршама уақыт өткен соң арнайы жасақ үйден 20-25 жастағы екі жас жігітті шығарып алып кеткен. Жергілікті тұрғындар соның алдында ғана орын алған арнайы операция кезінде бесеуі қаза болып, біреуі жараланған №22 үйдегі 6 адамның жас шамалары да осы жігіттердей болған деп растап отыр.

№36 үйді полициялар №22 үйге қарағанда анағұрлым ауқымды етіп қоршап тастаған, алайда бір жарым сағаттан кейін тез алып тастады. Тұрғындар өз пәтерлеріне оралды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА,

«АЖ» меншікті тілшісі, Құлсары - Атырау 

12 қыркүйек 2012, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.