Атырау, 27 желтоқсан 09:37
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жоғарғы сот Нақпаевты ақтап шығарды

4 058 просмотра

ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзінше билік ету» деп аталатын 327-бабының 3-тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталған бұрынғы Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ (суретте) толықтай ақталып шықты.

Сотталушының адвокаты Нұрлан ЖОЛБОЛОВТЫҢ айтуынша, бүгін сағат 10.00-де ҚР Жоғарғы сотының қадағалау сот алқасының отырысында іс қайта қаралған.

Естеріңізге салсақ, Нақпаевтың қылмыстық ісін қайта қарауға бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ жергілікті партия активінде мәлімдеген қарсылығы негіз болған. Онда ол: «Менің атымнан Жоғарғы сотқа қарсылық жолданды, сот осы іс бойынша әділ әрі заңды шешім шығарады деп ойлаймын» деген еді Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында» жарияланымын қараңыз).

Бас прокурор біздің болжамымызды («Экс-әкім үйқамақта» жарияланымын қараңыз) растағандай, ел президентіне жазған хаттарында Атырау облысының әкімдігіндегі ауқымды сыбайлас жемқорлық мен мемлекет меншігін ұрлау фактілері туралы мәлімдеген Сәлімжан Нақпаев осылайша Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ отставкаға кетуіне әкелген прокурорлық тексерудің жүргізілуіне бастамашы болған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

11 қыркүйек 2012, 20:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.