Атырау, 2 маусым 01:08
 дождьВ Атырау +18.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Атыраудағы жарылыс: төрт күдікті қамауға алынды

2 518 рет қаралды

Кеше, 9 қыркүйекте №2 қалалық сот ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабында (1-тармағы) және 233-бабында (2-бөлігі, «б» тармағы) қарастырылған қылмыстарды жасады деп күдіктелген есімдері аталмаған Атырау қаласының екі тұрғынын, сондай-ақ, Жылыой ауданының тұрғыны мен Маңғыстау облысының тұрғынын екі айға қамауға алуға шешім шығарды.

Күдіктілерге  қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу (24-бап), сондай-ақ, терроризмге (233-бап) қатысты айыптар тағылып отыр. Олардың 5 қыркүйекте Атырау қаласының жеке секторында қолдан жасалған бомбаны жаруға қатыстары бар-жоғы тексерілуде.

Дәл сол күні төрт күдікті қамауға алынды. Тергеу ісін Атырау облыстық ҰҚКД жүргізуде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

10 қыркүйек 2012, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.