Атырау, 19 желтоқсан 00:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қасымов кетті ме, әлде қалды ма?», «Шенеунік неге «сөйлей» білмейді?», «Қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы "тергеліп жатыр"», «Көп балалы отбасыларға баспана берумен мәселе шешіле ме?», «Қазақтар мен ағылшындардың туыстығы жайлы».

2 548 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қасымов кетті ме, әлде қалды ма?» - Сегіз жылға жуық Қазақстан ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымов президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл тағайындауға қатысты сарапшылар не дейді?

«Қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы "тергеліп жатыр"» - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев отставкаға жіберген мемлекеттік қауіпсіздік қызметін басқарған Ихтиёр Абдуллаев тергеліп жатыр. Бұл туралы билік маңындағы дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

QAMSHY.KZ. «Бердібек Сапарбаев ақтөбелік әйелге: Айғайламаңыз, үйіңізге барып айғайлаңыз!» - Мектепке мұғалім болып кірудің құны – 200 мың теңге! Ал халыққа қызмет көрсету орталығындағылар электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңдеген саудалап, пайда көріп отыр! Ақтөбе облысы әкімінің есебінде осылай деп шу шығарған қала тұрғыны Бердібек Сапарбаевтан тез арада мәселені шешіп, өзін екі аптаның ішінде жұмысқа орналастыруды талап етті. 

«Бекен Нарбай: "Қазіргі Түркия алдағы 80-90 жылдан кейінгі Қазақстан екенін түсіндім"» - Сахна төрі бар да, сахнаның сырты бар. Сахнада өнер көрсететін дарындылар бар да, сол дарындыларды дайындап, сахнаға шығаратын перде артындағы дарындылар бар. Сол сияқты кино саласында актерлерден бөлек, соларды дайындайтын, киноны түсіретін, аянбай тер төгетін, өзіндік орны ерекше тұлғалар да бар.

«Несие аларда назар аударарлық 3 пункт» - Әлемде екінің бірінде несие бар. Тіпті несие қалыпты өмірімізге әбден сіңісіп алған. Ал сол несиені банктер бізге тиімді жолмен рәсімдеп жүр ме? Несие алғанда нені ескеруіміз керек? Банктерге алданбас үшін нені білуіміз қажет? Несиеге қатысты осы және өзге де сұрақтардың жауабын экономист, "Pro Gente" экономикалық зерттеу орталығының зерттеушісі Мақсат Халық айтып берді.

INFORMBURO.KZ. «Көп балалы отбасыларға баспана берумен мәселе шешіле ме?» - Қазақ әйелдері табиғатынан балажан. Бала сүюді бақыт санайды. Алайда Қазақстанда көп балалы аналар мәселесі өз деңгейінде шешілмеген дейді сарапшылар.

ULT.KZ. «"Времянка" және "акиматтағы таныс"» - Aстaнaның «Көктaл-1» шaғынaудaнындa көлeмi 30 шaршы мeтр бoлaтын жeртөлeдe бiр үйдiң бeс бiрдeй бaлaсы жaрым түндe өрткe oрaнды. Бaлaлaрдың aтa-aнaсы сoл уaқыттa жұмыстa бoлғaн. Бұл oқиғa көп жұрттың қaбырғaсын қaйыстырып, жүрeгiн aуыртты. Әлeумeттiк жeлiдe әлeумeттiң кeз кeлгeн өкiлi сырт қaлa aлмaғaн суыт хaбaр әлeуeтiмiздiң қaншaлықты eкeнiн көрсeтeдi.

AIKYN.KZ. «Шенеунік неге «сөйлей» білмейді?» -  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова «Балалардың ата-анасы неге түнде жұмыс істеуге мәжбүр болған?» деген журналист сұрағына «Бұл – олардың өз таңдауы» деп асығыс жауап беріп, басы дауға қалды. 

«Қазақтар мен ағылшындардың туыстығы жайлы» - Ағылшындардың тарихы англо-саксондықтар тарихымен етене байланысты. Ал, осы ағылшындардың қазақтарға туыстық қатысы бар болуы мүмкін бе?


13 ақпан 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.