Атырау, 2 сәуір 10:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 451.71
€ 491.64
₽ 5.86

Бұрынғы шенеунік үйқамаққа алынды

1 787 просмотра

Бүгін, 7 қыркүйекте №2 қалалық сот Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВТЫ қамауға алуға шешім шығарды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, облыстық прокуратураның санкциясы 2 ай мерзімге үй қамағына алу түрінде берілген. Жайсаңов ҚР ҚК-нің 176-бабындағы 3-бөлімінің «б», «г» тармақтары бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) жазалау қарастырылатын қылмыстарды жасады деп айыпталуда.

Сірә, бұл ҚР Бас прокуратурасы ұйымдастырған тексеру нәтижелерімен байланысты болса керек («Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында» жарияланымын қараңыз).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 қыркүйек 2012, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.