Атырау, 26 желтоқсан 16:05
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жолақы 50 теңге болады

2 712 просмотра

Жергілікті ресми баспасөз беттерінде қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ қаладағы қоғамдық көлікте жолақы тарифін  45-тен 60 теңгеге дейін көтеруді қарастырған өзінен бұрын әкім болған А. КЕРІМОВТІҢ қаулысына өзгерістер енгізу туралы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі қаулысының жобасы жарияланды. Жолақы үшін жаңа тариф бір адамға 50 теңгені құрайтын болады.

Қаулы (әзірге тек оның жобасы ғана жарияланды) әділет органдарына тіркелгеннен кейін және баспасөзге жарияланғаннан кейін 10 күннен соң өз күшіне енеді.

Бір қызығы, қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ те, жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВ та жолақының арзандау себебін бізге түсіндіре алмады және жаңа тарифті енгізу мерзімін атай алмады.

Ендеше мәселенің төркінін еске түсірейін. Үстіміздегі жылдың 13 мамырында Атырау қаласының әкімі А. Керімов қоғамдық көліктегі жолақы тарифін ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 45 теңгеден 60 теңгеге дейін көтеру туралы қаулы шығарды. Бұл қадамды биылғы жылдың 6 сәуірінде ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Марат ОСПАНОВТЫҢ мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасын: Аи-92 бензинін – бір литрін 95-тен 106 теңгеге дейін, Аи-80 бензинін – 86-дан 91 теңгеге дейін және дизель отынын – 90–нан 95 теңгеге дейін көбейту туралы бұйрығы шыққандығымен негіздеген болатын.

Алайда осы жылдың 25 маусымында агенттік төрағасы ағымдағы жылдың 6 сәуіріне дейін қолданыста болған мұнай өнімдерінің шекті бағасын қайтару туралы басқа бұйрыққа қол қойды. Бұл дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты орын алды. Сонда да қалалық билік жолақы тарифін төмендетпеген еді.

Қаланың жаңа әкімі, байқап отырғанымыздай, жолақы құнын 60-тан 50 теңгеге дейін төмендетуді ұйғарыпты. Ол қазір тасымалдаушылармен ешқандай мүдделестікпен немесе міндеттемелермен байланысты емес.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қыркүйек 2012, 23:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.