Атырау, 20 сәуір 08:14
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қылмыс хроникасы

1 826 просмотра

29 тамыз күні түнде 4-ықшамаудандағы пәтерлердің бірінде басынан жарақат алған 37 жастағы ер азаматтың денесі табылды. Сәтпаев даңғылында тұратын 37 жастағы күдікті қазіргі уақытта ұсталып, оған Қылмыстық Кодекстің 103-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалды.

***

29 тамыз күні күндіз бір әйел адам 3 күн бұрын 27 жастағы ер адамның христиандар зиратындағы қоршауды ұрлап кеткендігі туралы арыз түсірді. Күдікті ер азамат ұсталып, қолхат бойынша босатылды.

***

30 тамыз күні түс әлетінде Баймұханов көшесінде 28 жастағы «Ниссан-Премьера» көлігінің жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан жапа шегуші облыстық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. 

***

1 қыркүйекте түнгі сағат 1-де полицияға Құрсай ауылынан дабыл келіп түсті. Ол жерде үйлердің бірінің ауласында ток кернеуінің соққысынан 19 жастағы жігіт көз жұмған.

***

1 қыркүйекке қараған түні Курилкино ауылындағы үйдің ауласынан ВАЗ-2109 көлігі ұрланып кетті. Ол кейін Азаттық даңғылының бойынан табылды. Ұрлықшының жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары алынуда.

***

1 қыркүйек күні 23 сағат 30 минутта Амандосов-Баймұханов қиылысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Исатай ауданының 47 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21713 көлігін ұстады. Салоннан жалпы салмағы 192 келі болатын 7 қапшық бекіре тұқымдас балық табылды. Жүк Жаңа Жанбай селосында тұратын 32 жастағы жолаушыға тиесілі екен.

***

1 қыркүйекте полицияға Лесхоз ықшамауданының 32 жастағы тұрғыны шағым түсірді. Бірнеше сағат бұрын 34 жастағы таныс әйел күш қолданып, оның құлағынан алтын сырғасын шешіп алған екен.

***

1 қыркүйекте Баймұханов көшесіндегі кафелердің бірінің жанында үш қыз жас әйелді себепсіз соққыға жыққан болатын. Қыздардың бірі Привокзальный мөлтек аудынының тұрғыны, ал басқа екеуі Махамбет ауданынан келген. ҚР ҚК-нің 257-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

1 қыркүйек күні 16 сағат 30 минутта Қызылқоға ауданының Қоныстану селосында 65 жастағы ер азамат масаң күйде 62 жастағы ауылдасына қаңылтыр кесіндісімен дене жарақатын салған. Тергеу жүргізілуде.

***

3 қыркүйек күні сағат 18-де Авангардтан «Участок» операциясының барысында күртесінің қалтасынан тапанша табылған 25 жастағы Привокзальный тұрғыны ұсталды. Тергеу ісі басталды.

***

4 қыркүйек күні сағат 15-те Азаттық даңғылының бойындағы «Шалқыма» дүкенінің маңында Махамбет ауданының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның сөмкесінен тапаншаға ұқсас қару табылған. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

***

4 қыркүйекте Индер ауданы Есбол ауылының 32 жастағы тұрғынының үйін тінту кезінде құжатсыз 16-калибрлі аңшы қаруы табылды. Сараптама тағайындалды.

***

4 қыркүйекте полицияға 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 29 жастағы Жұмыскер кенті тұрғынының тарапынан алаяқтық құрбанына айналғанына шағымданды. Атап айтқанда, ол жұмыс табуға көмектесемін деп уәде беріп, «делдал болғаны үшін» 450 мың теңге алған, содан бері қарай одан еш хабар болмапты.

5 қыркүйек 2012, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.