1 қыркүйекте Қазақстанда «Учаске» деп аталатын кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталып кетті. Соның ішінде Атырауда уческелік инспекторлар жалға беріліп отырған пәтерлерді, саяжай учаскелерін, құрылыс нысандарын, базарлар мен баспаналарды аралайтын болады.
ІІБ баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, құқық қорғаушылардың қатарына көші-қон, криминалды және жол күзеті полиция қызметкерлері де қосылады. Акцияның мақсаты қала тұрғындары мен қонақтары туралы көбірек мәлімет жинау. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары елімізде тұрақтау ережелерін бұзушы сырттан келгендер мен заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар және шетелдік жұмыс күшін қолдануда тәртіп бұзушылыққа беріп отырған кәсіпкерлерді тексеретін болады.
Анастасия ПАСТУХОВА