Атырау, 18 желтоқсан 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Елбасы не үшін Конституциялық кеңеске жүгінді?», «Бір адамдық пикет қоғамға қауіп төндіре ме?», «Ұлы Ұрлық дәуірі қашан бітеді?», «Қырғызстан араб миссионерлерінің назарында​», «Ресей Венесуэлаға “Сирия сценарийін” әзірлеп жатыр».

2 310 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Бір адамдық пикет қоғамға қауіп төндіре ме?» - Бірнеше айдан бері бес баланың анасы, азаматтық белсенді Әлия Садырбаева әкімдіктің бір адамдық пикет ұйымдастыру өтінішіне салған тыйымына қарсылық білдіріп жүр. Биліктегілер бұл пикет «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді» деп ұйғарыпты. «Жеке көзқарасын білдіретін көп балалы ана қандай қауіп төндіруі мүмкін?» деген заңды сұрақ туады.

QAMSHY.KZ. «Ресей Венесуэлаға “Сирия сценарийін” әзірлеп жатыр» - Венесуэла экономикасына 17 миллиард доллардан астам қаржы құйған Ресей Николас Модуроны сақтап қала ала ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Белгілісі, Ресей мен Қытай бір жақ та, қалған мемлекеттер одақтас болып отыр. Ал АҚШ қалай айтқанда да, Мадуроны орнынан тайдырмақ ниетте.

INFORMBURO.KZ. «Жерді мемлекетке мәжбүрлеп қайтару тәртібі өзгерді. Ол қазірден Түркістанда қолданылып жатыр» - Жекеменшік жер немесе үй мемлекет иелігіне өтетін болса, нарықтағы құны бойынша бағаланады. Келіспесеңіз, тәуелсіз бағалаушыларға жүгінесіз. Қалай? Талдаймыз.

TURKYSTAN.KZ. «Тренд пен талғам» - Қазіргі уақытқа «техника заманы» деп айдар тағып, ақпараттық технология мен интернетке басымдық беріп қойдық. Бірақ ғаламтор ешқашан кітапты алмастыра алмайды. Бұл пікірге қарсы сөз айтатындар да табылатыны сөзсіз. Дегенмен компьютердің мүмкіндігі шексіз болғанымен, кітаптың орны бөлек екенін көкірегі ояу, көзі ашық жандардың бәрі де мойындайды. Өйткені кітап – өткеннің рухы, келешектің кілті.

ABAI.KZ. «Ұлы Ұрлық дәуірі қашан бітеді?» - 2019 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы бір жарым есеге өсті. Яғни, осы уақытқа дейін 28 мың теңге алатын қызметкердің айлығы енді 42 500 теңге болған. Сәйкесінше, Ұлттық экономика министрлігі бір жылда азық-түлік тауарларының да 5,8 % өскенін мәлімдеді.

365INFO.KZ «Елбасы не үшін Конституциялық кеңеске жүгінді?» - Елбасының Конституциялық кеңеске жүгіну дерегі қоғам арасында түрлі себептер мен салдарға болжам жасауға түрткі болды.

«Қырғызстан араб миссионерлерінің назарында» - Қырғызстан араб әлемі елдерінің уағызшылары назарында. Бұл бағыттағы жұмыс түрлі деңгейде жүргізіледі — жоғары деңгейлі кездесулерден бастап халық арасында насихат жүргізуге дейін.


7 ақпан 2019, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.