Атырау, 6 қазан 22:28
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Шалқардың бақыты

2 706 просмотра

Шалқар ОМАРОВ (суретте жанұясымен бірге) ертеңгісін жұмысқа сүйсіне аттанатын, ал, кешкісін үйге қуанышпен оралатын бақытты адамдардың санатынан.

Ол әскер қатарында жүргенде мойын омыртқасынан жарақат алып, І-топ мүгедегі атанды. Қиындықпен қозғалса да автокөлікті жақсы жүргізеді. Бірде ол әдеттегідей өз көлігімен Атырау оңалту орталығына ем алуға келген кезде оны «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ басшысы Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА (суретте) тоқтатып алып, жүргізушілік жұмысты ұсынды. Бастапқыда ол оған сене қойған жоқ, өйткені, жұмыс берушілер мүгедектіктің ауыр түрі көрсетілген түйіндемені әдетте көздеріне ілмейтін. Сөйтіп, Шалқар жұмыс тапты.

Осы оңалту орталығынан ол өзінің сүйіктісі Жаннұрды кездестірді. Ол медбике болып жұмыс жасайтын. Мүгедек күйеу балаға Жаннұрдың туыстары қуана қоймас деп ойлаған Шалқар қалыңдығын алып қашпақшы болды. Бірақ, Жаннұрдың ата-анасы оны өздерінің туған баласындай қарсы алды және отбасындағы кенже қыздарының қазақтың салтымен ұзатылғанын қалады. Бүгінде Шалқар мен Жаннұр ұлдары Расулды тәрбиелеп отыр және отбасының тағы бір мүшесімен толығуын күтуде.

Атырауда мұндай отбасы аз емес екен. 29 тамызда олардың барлығын Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына  жинады. Бұл отбасын құрып, бала сүйіп, толыққанды өмір сүріп жатқан мүгедек жандарға арналған мереке болды.

Біздің бұл мерекеге Оралдан, Ақтөбеден қонақтар келді, олар бұрын өткен арулар байқауына қатысқан мүгедектігі бар қыздар мен әйелдер, сондай-ақ, ҚР президенті жанындағы демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат ҚАЛТАЕВА және мүгедектердің қазақстандық конфедерациясының төрайымы Жаннат ОМАРБЕКОВА. Мереке аясында мүгедектердің «Мен осылайша өмір сүрем!» деген тақырыпта көрмесі өткізілді. Көрермендер оралдық шебер Павел КОЧЕРЕЖКИННІҢ жұмысына, біздің оқырман-дарымызға танымал бола бастаған суретші Бақыт САЛИЕВТІҢ картиналарына және Жанна ӘЙТИЕВАНЫҢ тоқыған бұйымдары мен Елена ХУСНУТДИНОВАНЫҢ төккен кестесіне тәнті болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

 

 

 

 

5 қыркүйек 2012, 22:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.