Атырау, 18 желтоқсан 23:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Назарбаев президент өкілеті туралы неге сұрады?», «Қазақстан – еркін емес ел», «Сонда барлығы кім үшін? Пафос. Иллюзия!», «”Мобильді” һәм меншік баспанасыз буын», «Бес баланың қазасынан билік сабақ алар».

2 468 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан – еркін емес ел» - АҚШ-та орналасқан халықаралық Freedom House (FH) құқық қорғау ұйымы әлем елдеріндегі саяси және азаматтық еркіндіктердің жай-күйіне баға беретін "2019 жылғы әлемдегі еркіндік" деп аталатын есебін жариялады. Қазақстан бұл есепте де бұрынғы жылдардағыдай "еркін емес" елдер тізімінде тұр.

«Назарбаев президент өкілеті туралы неге сұрады?» - Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық кеңестен президент өкілетіне байланысты сұрау салуын сарапшылар әртүрлі бағалайды.

«Бес баланың қазасынан билік сабақ алар» - Бір отбасының бес баласы қаза тапқан өрттен кейін әлеуметтік желіде жауапты министрлердің отставкасын талап еткен жазбалар көбейді. Балаларды жоқтап, әке-шешесіне көңіл айтқан өлеңдер жарияланды. Пікір білдіргендер арасында "неге қаралы күн әлі жарияланбай жатыр?" деп, билікке сұрақ қойғандар да бар.

«”Мобильді” һәм меншік баспанасыз буын» - Қазақстан билігі пәтер жалдап тұрудың «қалыпты құбылыс» екені туралы мәлімдеп, жастарды «мобильді болуға» шақырады. Алайда баспанасыз жастың көпшілігі «мобильді тұрмыс» емес, «жағдайдың нашарлығынан» пәтер жалдап жатқандарын айтады.

QAZAQTIMES.COM. «Ислам ревалюциясына 40 жыл: Хомейнидің жақын серіктері қалай өлді?» -  Осыдан 40 жыл бұрын, яғни, КСРО мен АҚШ арасындағы «Қырғи қабақ соғысқа» байланысты әлем екі үйекке бөлініп тұрған тұста, Иранда Ислам революциясы саяси аренаға көтерілді. 1979 жылы ақпан айының орта шенінде Иран шахы Мұхаммед Реза Пахлави Теһранды (Тегеран) тастап қашып шықты да, елде революцияшылдар билік алды. 

ABAI.KZ. «Сонда барлығы кім үшін? Пафос. Иллюзия!» - Астанадағы бес бірдей бүлдіршіннің өмірін жалмаған өрт өзегімізді өртеп, қабырғамызды қайыстырды.  Есімізді алып, делсал күйге түсірген ақпаратты әуелде жазуға да жүрексіндік. Өңешімізге өксік тығылды. Өң-түсімізді айыра алмай, ботасынан айрылған байғұс анамен бірге аза тұттық.

AIKYN.KZ. «Салық қарызыңыз болса sms-хабарлама келетін болады» - Бүгінгі таңда әрбір жеке тұлға ешқайда бармай-ақ, үйінде отырып Электронды үкімет порталы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында өздерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері арқылы қандай салықтарының бар екенін, оның қашан пайда болғанын, қашан төлеу керектігі туралы ақпараттарды біле алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі Қанат Баеділов айтып берді.

QAMSHY.KZ. «Жүйкесі жұқарғандар, ұйқысыздыққа ұрынғандар, жалғыздықтан жалыққандар көбейді» - Өзін-өзі өлтіру ғылымда «суицид» деп аталады.  ҚР Бас прокуратурасының  дерегінше, елімізде 2018 жылы 3542 суицид тіркелген, оның ішінде 148  жасөспірім осы суицидтен өлген,  4234-і өздерін өлтіруге әрекет еткен. Астана қаласында  суицидтің өсуі байқалған, 128 адам өз-өздеріне қол салған.

«Нұхтың кемесі табылды...» - Ақырзаманның жақындап қалғаны жайындағы идеяның ауада қалықтап жүргеніне қаш-шан. Әсіресе Голливудтың кинофильмдері әлемдік апат пен жаһандық жойылуды «жарнамалаудан» алдына ешкімді салмай тұр.


6 ақпан 2019, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.