Атырау, 19 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Сағынтаев үкіметін "көнбіс кабинет" деп бағалады», «Банкирлер неден шошынды? Ақпан айынан бастап оларды не күтеді?», «Қазақстанның қай саласында көлеңкелі ақша көп?», «Бес бүлдіршіннің өлімі өрттен бе, жоқ әлде әлеуметтік жағдайдың төмендігінен бе?».

2 629 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Сағынтаев үкіметін "көнбіс кабинет" деп бағалады» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметтің кеңейтілген жиынындағы пікірі қайшылықты сипатымен ерекшеленді. Үкіметті «қорқақ» деп атап, наразы екенін білдіріп, қызметтен кетуін талап еткен президент жиын соңына дейін райынан қайтып үлгерді. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі үкімет пен оның басшысы мұндай «шабуылға» үйренген, сондықтан кабинеттің қызметтен кете қоюы екіталай.

«30 шаршы метрдегі өртті 1 сағаттай сөндірген» - 4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапқан.

 QAZAQTIMES.COM. «Бес бүлдіршіннің өлімі өрттен бе, жоқ әлде әлеуметтік жағдайдың төмендігінен бе?» - Өткен түні Астана қаласындағы жеке тұрғынүйлердің бірінде болған өрт салдарынан бес бірдей бүлдіршін көз жұмды. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде қайғылы оқиғаға қабырғасы қайысып, көңіл айтқан жұрттың санында есеп жоқ. Бірақ бұл жұрт назарына іліккен бір ғана оқиға. Осы сияқты елімізде жыл сайын қаншама оқиға болып жатыр. 

«Әзімбай Ғали: Путин керемет тактик, бірақ өте нашар стратег» - Қазақ-Ресей ара-қатынасы өте күрделі. Бірақ драмалық емес. Өйткені Назарбаев сонау Горбачевпен тіл табысқан. Содан кейін Ельцинмен тіл табысты. Енді міне Путинмен тіл табысуда. Барлығы да империялық пиғылдағы адамдар. Горбачевтың өзі «Солтүстік территорияларды тартып алсақ қайтеді» - деген Солженицынның сөздеріне ерген. Ельцин де, Путин де империяшыл. ( Назарбаев – ред ) солардың көңілін тауып, біздерді соққыға солдырмады.

QAMSHY.KZ. «20 бала тапсаң да, жағдай жасалғаны шамалы...» - Біздегі шенеуніктер  «баланы өзің үшін тудың» деген ойдан арылмайынша, ана мен баланың жағдайы жақсармайды. Астанадағы қайғылы жағдай кім-кімді болсын, ойға батырмай қоймады. Бес бірдей бүлдіршіннің қазасы елдегі әлеуметтік жағдайдың қандай деңгейде екенін көрсетіп-ақ берді.

INFORMBURO.KZ. «Банкирлер неден шошынды? Ақпан айынан бастап оларды не күтеді?» - Банк секторы үшін жаңа жыл жағымсыз жаңалықпен басталды. Коммерциялық банктердің қызметін қадағалау күшейтіліп, Ұлттық банктің құзіреті бұрынғысынан да кеңейді.

«Большевиктер ұйымдастырған "жұт". Қазақстандағы ашаршылық неге әлі мойындалған жоқ?» - Қазақстан КСРО құрамындағы ең бай елдердің қатарында болды. Сол үшін қазақтарды большевиктер қолдан жаппай қырды. Украинадағы 1930 жылдардағы ашаршылықты бүгінде әлем мойындады. Ал Қазақстандағы аштық тіпті ел ішінде де атап айтылмай жүр. Осындай пікірімен Сара Кэмерон (Sarah Cameron) есімді америкалық тарихшы informburo.kz тілшісіне бөлісті.

365INFO.KZ «Қазақстанның қай саласында көлеңкелі ақша көп?» - Саясаттанушы Марат Шибутовтың пікірінше, Қазақстандағы ең ірі көлеңкелі экономика Оңтүстік Қазақстан мен Шымкентте.

«Шетелдіктер қазақ дәстүрлеріне қалай қарайды?» - Махаббат шекара, ұлт талғамайды және жалған сенімдерден ада. Қазақстандықтармен шаңырақ көтерген шетелдіктердің әңгімелері бұған дәлел.


5 ақпан 2019, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.