AZATTYQ.ORG. «Астананың "күңгірт бейнесі" және ЕАЭО-ның "бұлыңғыр болашағы"» - Осы аптада батыс басылымдары америкалық журналист Джоанна Лиллистің қазақстандық саясат туралы жаңа шыққан кітабын талқылаған. Ондағы басты кейіпкерлердің бірі – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Батыс ақпарат құралдары бұдан бөлек, ЕАЭО-ның "бұлыңғыр" болашағы мен Қытайдан Қазақстанға көшірілуі мүмкін цемент зауыттарының "қоршаған ортаға әсері" туралы жазған. Пекиннің "Бір белбеу – бір жол" жобасын қалай дамытып жатқанына да тоқталған.
«Адам папилломасы вирусы екпесінен қауіп бар ма?» - Жатыр мойнының қатерлі ісігіне душар ететін адам папилломасы вирусынан Қазақстанда күніне екі әйел көз жұмады. Бірақ кейбір ата-ана "рактың алдын алу мүмкін емес, демек екпенің де пайдасы жоқ" деп санайды.
«"Тұщы су табылған" Қарақалпақстанда өмір ащы» - Өзбекстанда Арал теңізінің Қарақалпақстандағы құрғаған орнынан тұщы су шыққаны хабарланып, бір жарым айдан бері сексеуіл егіліп жатқаны жарияланды. Бірақ елден кеткендер ондағы әлеуметтік жағдайдың жуық арада оңаларына сенбейді.
QAMSHY.KZ. «Әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары абдырап жатыр, Қазақстанға қайтпек керек?» - Бүгінде әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары экономикалық ахуалға байланысты қиындықтар туып отырғанын ашып айтуда. Мәселен, Жапонияның үкіметтік зейнетақы қоры 2018 жылы 136 млрд доллар жоғалтқан.
INFORMBURO.KZ. «Дала заңы. Сертіне берік қазаққа не болды?» - Қазақ бір ауыз сөзбен бір халықтың тағдырын шешкен. Уәденің жолы ауыр десек те қазір сөзінде тұрмайтындар неге көп?
«Бір компьютерді бір қозылы қойға айырбастап, миллионер атанған қазақ жігіті кім?» - Арман – ақшаны жинаудан емес, жұмсаудан рахат алатын кәсіпкер. 6 компаниясы бар. Қолынан іс келетін адамға бизнес ашып бере алады.
ABAI.KZ. «Ендігі жетпегені антиұлтшылдық еді» - Қазақтың қарасының, оның ішінде қазақ тілді алаш баласының санының көбеюі, әрі биыл санақ жылы болғандықтан пікірі арам БАҚ беттерін қазақтың «Азаматтық ұлтшылдығын» көзге ілмей, «Этнонационализм» тақырыбымен өз оқырмандарының санасын улап, рухани жаулап алуды дәстүрге айналдырып жүргендер аз емес. Әрі Қарағандыдағы оқиғадан кейін олар орыс тілді пиғылы жат қандастарымыздың ауызымен қазақ халқына ақпараттық қанды жорықты бастап кетті.
«Зиялылар не дейді? Серікжан сөзге тоқтай ма?» - Хатқа Мұхтар Шаханов, Мекемтас Мырзахметов, Ғаббас Қабышұлы, Темірхан Медетбек секілді ақсақалдар бастап, Айдос Сарым, Расул Жұмалы қатарлы қоғамның сергек саналы азаматтары қостап, ұзын-ырғасы 17 адам қол қойған.
ZHASALASH.KZ. «Миллиардтаған қарызы бар олигархтар “Форбс” тізімінде жүр» - Экономист, «Байтақ болашақ» экоальянсының төрағасы Азаматхан Әміртаймен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.