Атырау, 19 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Президент үкіметті "қорқақ" деп атады», «Қос революция Қырғызға не берді?», «Шыңжаңда үйқамаққа түскендердің тағдыры», «Қырғыз сомы неге тұрақты? Еңбек мигранттарының аударған ақшасының оған әсері бар ма?», «Өзбекстанда кландық жүйе қайта жандана ма?».

3 775 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Шыңжаңда үйқамаққа түскендердің тағдыры» - Қытайда туыстары қысымға ұшыраған қазақтар екі топтың мәселесін жиі көтереді. Біріншісі – саяси үйрену лагеріне түскендер, екіншісі – үйқамақта отырғандар. Азаттық Шыңжаңдағы саяси үйрену лагерьлері туралы үнемі жазып келеді. Бұл жолы үйқамақта отырғандар туралы жаңа ақпарат ұсынады.

«Президент үкіметті "қорқақ" деп атады» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жиынына қатысып, Қазақстандағы банк жүйесін сынап, халықтың табысы, еңбекақыны дұрыс төлемейтін кәсіпорындар туралы айтты. Жиын басында үкімет мүшелеріне "жұмыстан кетіңдер" деп, кейін "қалыңдар, жұмыс істеңдер" деді.

«"Талибанмен" бейбіт келісім: үміт пен күдік» - АҚШ пен радикалды “Талибан” қозғалысы арасында Катарда өткен алты күнге созылған келіссөзден кейін АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад келіссөздің "сәтті" өткенін хабарлады. Тараптар маңызды мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келе алған. Азаттыққа сұхбат берген сарапшы Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша келісімнің дамуы мен болашағы туралы пікірлерімен бөлісті.

«Екі қолынан айырылған оқушының анасы билікті кінәлайды» - Абайсызда мектеп қасындағы трансформатор күркесіне кіріп кетіп, тоққа түскесін екі қолынан айырылған 4-сынып оқушысының анасы "салғырт билік өкілдерін" сотқа тартқысы келеді.

INFORMBURO.KZ. «Қырғыз сомы неге тұрақты? Еңбек мигранттарының аударған ақшасының оған әсері бар ма?» - Сарапшылар қырғыз сомының тұрақтылығына мигранттардың аударған қаржының әсері көп дейді. Экономикасын көтеру үшін Қазақстан еңбек миграциясын қолдауы қажет пе?

«Қос революция Қырғызға не берді?» - "Қызыл империяның" шекпенінен шыққан 15 елден тек Қазақстанда ғана жоғарғы билік ауыспады.Түбі өзгеріс боларын ескеріп, басқа мемлекеттер тәжирибесіне үңілсек.

QAMSHY.KZ. «ХХІ ғасыр көшпенділері» - Қазақ деген ұлтқа тіркестіріп, оның қосымша атауына айналған «көшпенділер» деген сөздің жымысқы астарына мән бермей, бүгінде соны мақтан тұтатынды шығардық.

«Үш машайықтың ғажайыбы» - Бұл үш ақсақал – үш машайықтың  кімдер екенін Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлы мен оның құймақұлақ ұлы Ақпантай Байғұтовтың бізге жеткізіп кеткен баға жетпес мұрағаттары негізінде білдік.

QAZAQTIMES.COM. «Украинадағы президенттік сайлауға Ресей күштері араласуы мүмкін» - Украинадағы сайлау мерзімі жақындаған сайын, ондағы саяси жағдайлар да қыза түсті. Өзін кезекті рет сынап көруге тырысқан Петр Порошенко екінші мәрте сайлауға қатысуға шешім қабылдапты. 

TURKYSTAN.KZ. «Оңай олжа  қайда бар?» - Қазақ философиясына зер салсақ, «оңай олжа оңалтпас», «алмақтың да салмағы бар», «орасан пайда көз шығарар» деген секілді ондаған, тіпті, жүздеген тәмсіл ойға келеді. Осынау халық даналығы бүгінгі тақырыбымызға таптырмас тұздық. Нарық заманында қарық болуды көздесе керек, әйтеуір кей жастар мен жасамыстар шоғыры букмекерлік кеңселерде түнейтін халге жетті. Аяқ бассаң «менмұндалап» тұратын осынау орталықтарға ойыншы неге құмар? Қазақстандықтардың 5 пайызға жуығы букмекер жағалап, бәс тігеді екен.

365INFO.KZ «Өзбекстанда кландық жүйе қайта жандана ма?» - Кәрімовтың кезінде кландар жүйесі біршама қысқартылған еді. Бірақ қазір бәрі өзгеруі мүмкін.

 

31 қаңтар 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.