Атырау, 24 қараша 21:09
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назар аударыңыз, балалар!

3 782 просмотра

Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде облыста балалардың қатысуымен және олардың кінәсінен 50 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Жол полициясы басқармасы. Апат салдарынан 11 бала көз жұмып, 47 бала жарақат алған. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ҚР ІІМ жыл сайын қыркүйек айының бірінші аптасында «Назар аударыңыз, балалар!» деген акция өткізіп тұрады.

Әдеттегідей, жол полициясының мәліметтері бойынша, осы шарадан кейін қайғылы оқиғалар статистикасы азаяды екен. Ең алдымен осы кезеңде – оқу жылының басында жол бойында сақшылардың едәуір көп болуының арқасында азайып отыр деп жорамал жасауға негіз бар, өйткені жол қозғалысын ЖПБ-ның бүкіл құрамы реттеп отырады. Жол полициясының жеке батальонына басқарма аппаратымен қатар, кеңседегі «ақ жағалылар» да қосылады.

Сондай-ақ, балалардың жол-көліктен зақым алуының алдын алу акциясы аясында жол полициясы қызметкерлері қала мен облыс аудандарындағы көше жолының тораптарында жол белгілерінің, жолақтарының, жол кедергілерінің болуына тексеру жүргізеді.

– Мұнда жалпы білім беру мектептері мен мектепке дейінгі оқу орындары орналасқан аудандарда жол қозғалысын ұйымдастыруға баса назар аударылатын болады, - дейді жол-патрульдік қызмет бөлімінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ. – Жол полициясы, қалалық білім беру бөлімі, жұртшылық өкілдерінен тұратын комиссия құрамы оқушылар үшін жол қозғалысы ережесінің типтік оқу бағдарламасының орындалуына қатысты мектептерге тексеру жүргізетін болады. Өйткені балалардың жол қозғалысы ережесін сақтауы ғана олардың денсаулықтары мен өмірін сақтай алады. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 қыркүйек 2012, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.